Жамбыл облысында 255 көпір мен 789 су өткізу құрылғылары тазартылды

Dalanews 04 нау. 2019 12:05 291

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы "Өңірлік коммуникациялар қызметінің" алаңында Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары Мақсат Әкімбаев, Төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бастығы Омар Такеев, Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Әсет Манасовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер су тасқынына дайындық және алдын алу шаралары туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Облыс аумағында су тасқыны жағдайы Талас, Шу және Аса өзендері арқалы өтеді, сонымен қатар таулы аймақтарда орналасқан 5 ауданның (Жуалы, Меркі, Т.Рысқұлов, Қордай, Талас) Қарақоңыз, Ырғайты, Аспара, Мерке, Қарақыстақ, Қайыңды, Ақсай және Көксай өзендерінде еріген қар суларымен айқындалады. Ауа-температурасының тез жоғарлауы кезінде облыстың барлық аудандарында биік бөктерден интенсивті су ағыны болуы мүмкін. Су тасқыны салдарынан болуы мүмкін төтенше жағдайлардың шығынын төмендету мақсатында «2018 жылғы көктемгі су тасқыны мерзімін өткізу және дайындық іс-шараларының» жоспары әзірленіп, бекітілді.

Аталған жоспардың негізінде, жергілікті атқарушы органдармен су тасқыны мерзімінде судың апатсыз өтуін алдын алу шаралары жүргізілуде. Су тасқынын алдын алу шараларын жүргізу кезінде 568 шақырым дренажды канал және арық жүйелерін қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Автокөлік және темір жолдарының бойындағы 255 көпір және 789 су өткізу құрылғылары тазартылды. Бүгінгі күнге жазық аудандар мен елді мекендерде шамалы қар бар. «Қазгидромет» РМК филиалы және «Қазселденқорғау» ММ филиалының 2019 жылғы 20 ақпандағы мәліметтеріне сәйкес, таулы және тау бөктеріндегі қардың қалыңдығы 10 см-ден 25 см-ді құрайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x