Мырзакенттің спорт мектебінің түлектері түрлі жарыстарға қатысып 13 алтынды ұтып алды

Dalanews 25 желт. 2018 06:12 226

Мақтаарал ауданының Мырзакент кентіндегі №1 БЖСМ-де қазіргі уақытта  спорттың 9 түрі дамытылуда, атап айтқанда баскетбол, футбол, волейбол, еркін күрес, грек-рим күресі, бокс, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және шахмат бөлімдерімен  6-олимпиадалық спорт түрі, 2- ұлттық спорт түрінен және 1- олимпиадалық емес спорт түрімен жұмыстар жүргізуде.

Спорттың 9 түрлері бойынша 24 жаттықтырушы дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын  609 балалармен жұмыстарын атқаруда. Оның ішінде – ер балалар саны – 495, қыз балалар саны 114-ті құрап отыр. Сонымен қатар мектебімізде 2 – жаттықтырушы (спорт шебер), 4-жаттықтырушы І-санаттағы жоғары білімді жаттықтырушылар балалармен жұмыстар жүргізуде.

Мектеп спортшылары Түркістан облысы құрама команда қатарында спорттың баскетбол, бокс түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты және кубогына қатысып, 2018 жылдың 16-29 қаңтар күндері Щучинск қаласында баскетболдан 2003-2004 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында  ІІ-орын алды.

Ал 15-21 маусым күндері Алматы қаласында өткен баскетболдан 2003-2004 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы 6 оқушы ҚР чемпионатында  І-орын алып чемпионаттың жеңімпазы атанды. Сол сияқты 2018 жылы облыс чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 13-алтын, 37–күміс, 13 қола медальдар иеленген.

Биылғы жылы 52 спорттық іс-шаралар өткізіліп оған 3969 оқушы қатысты, мектептің ұйымдастырған жарысында спорт мектебінің оқушылары І-орын 540 оқушы, ІІ-орын 460 оқушы, ІІІ-орын 455 оқушы жүлдегер атанды.

2018 жылы жаттықтырушылар мен әдіскерлер бірлесе отырып спортпен шұғылданушы оқушылармен  «Нашақорлыққа жол жоқ», «Салауатты өмір салты», «Жасөспірмдер арасында құқық бұзушылықтың алдың алу», «Бала құқықтары туралы», «Нашақорлық қылмыс бастауы», «Нашақорлық жаман әдет», «Діни экстремизмін алдын алу» тақырыптарында оқушыларға баяндамалар мен әңгімелер тұрақты түрде жүргізілуде.

 

Б. Бегманов, №1 БЖСМ директоры

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x