Биыл Жетісайда 5 елдімекеннің ауызсу жүйесін ағымдағы жөндеуден өтті

Dalanews 20 желт. 2018 10:13 262

2018 жылы Жетісай аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 5 елдімекен (Еңбекші, Қарасақал, Қызыл ту, Алтынкемер, Отан) ауызсу жүйелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 115 млн 490   мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

2019 жылы 6 елдімекенге (Жылысу, Мырзашоққы, Баққоныс, Байқоныс, Әль-Фараби, Өркенді)  ауыз су тарту жұмыстары жоспарланып отыр. Ол үшін биыл 60 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Сондай-ақ, 3 елдімекен  (Мақталы, Жамбыл, Жетісай қаласы)  жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Жетісай ауданында бүгінгі таңға 113 елдімекеннің 46-сы  табиғи газбен қамтылған. Ал қалған 7 елдімекен (Орысқұдық, Серікбай, Жорабек, Пірәлі, Жібекші, Қалпақсай, Батырхан)  шалғайда орналасқан. Яғни, газбен қамту  көрсеткіші аудандағы  елдімекендердің жалпы санының 43,3  пайызын құрайды.

2018 жылы аудан елдімекендерін газдандыру мақсатында 5 нысанның (4 елді мекен (Ж.Ералиев а/о 3 е/м, Абай а/о 1 е/м), 1 жеткізуші газ құбыры) құрылысына облыстық бюджеттен 674,9  млн.теңге қаралып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жалғасуда.  Осының нәтижесінде 4 елді мекеннің (Ж.Ералиев а/о 3 е/м, Абай а/о 1 е/м), құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.

2019 жылы жалпы сметалық құны 1 млрд 393 млн  теңгені құрайтын 7 елді мекенді  (Жылы су а/о 3 е/м,Ш.Ділдәбеков а/о 1 е/м, Ж.Ералиев а/о 1 е/м, Абай а/о 2 е/м) табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жоспарланып отыр. Аталған жобалар толық жүзеге асқан жағдайда ауданымыздағы газбен қамтылған елдімекендер саны 57-ге жететін болады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x