Жетісайда 10473 шаруа қожалығы табысты жұмыс істеуде

Dalanews 20 желт. 2018 12:14 175

2018 жылдың қазан айына Жетісай ауданында 14 мың 924  кәсіпкерлік субъектісі  тіркелеген.  Оның ішінде  заңды тұлғалар саны – 503, жеке кәсіпкерлер  саны – 3948,  шаруа  қожалықтары  саны – 10473 бірлік құрайды.

Ағымдағы  жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында  Жетісай ауданы бойынша облыс әкімдігінің жанындағы ӨҮК-мен  (Өңірлік  үйлестіру  кеңесі) жалпы 5 жоба мақұлданған, оның ішінде 2018 жылы жалпы құны  167  млн. теңгені құрайтын  5 жоба қолдау тапқан.  Олар –  банк кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауға құны 67 млн теңгеге  4 жоба мақұлданған (одан бөлек, ЕДБ арқылы жеңілдетілген несие қаржыға қол жеткізу мақсатында жоба құны 21 млн.теңге құрайтын 1 жоба несие комитетінің шешімін күтуде және 1 жобаның  құжаттары рәсімделуде);

- банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге құны 10 млн. теңгені құрайтын 1 жоба ӨҮК-не ұсынылған. Ал қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша құны 400 млн. теңгені құрайтын 2 жоба мақұлданған.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының 4  бағыты бойынша  аудан тұрғындарын кәсіпкерлікке баулу мақсатында «Бизнес кеңесші» бағдарламасы аясында 240  азамат кәсіпкерлік  негіздерімен танысты.  «Бастау –бизнес» бағдарламасы бойынша қазіргі таңда 233 азамат оқытылды. (413 адам тіркелді).

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x