Жетісайда жүзімдіктердің көлемі артып келеді

Dalanews 21 жел. 2018 15:05 923

Бүгінде Жетісай ауданында жүзім өсіру ісі жыл өткен сайын артып келеді. Бұл жайында аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев Түркістанда өткен брифингте айтып берді.

– Бүгінгі таңда ауданымызда  жүзім көлемі жыл санап артып келеді. Бір ғана Абай ауыл округіндегі жүзім алқаптарының көлемі 300 гектарға жуықтайды. Ал жалпы ауданымызда жеміс-жидек пен  жүзім  көлемі  550  гектарды құрайды. Мәселен, биыл ауданымызда жеміс-жидек және жүзімнен 5388,1 тоннаға артық өнім алынды. Өндірілген өнімнің басым бөлігі көрші Ресей мен солтүстік облыстарға жөнелтілді. Ал қалған қалдықтар жарамсыз күйде қалып келеді. Сондықтан алдағы жылы біз ауданымыздан жүзімнен өндірілетін шарап зауытын ашуды жоспарлап отырмыз, – деді Жамантай Қанайұлы.

Бұдан бөлек, жергілікті билік орындары Сырдария өзенінің жағалауынан табиғаты керемет 30 гектар жерге 1500 орындық жыл он екі ай жұмыс жасайтын демалыс аймағын салу жоспарлап отырғанын білдік.  Бұл өз кезегінде мектеп оқушыларын жазғы демалыс аймағымен 100 пайыз қамтуға мүмкіндік беретінін әкім алға тарты. Демалыс кешендері салынса, оның маңындағы ауылдардағы халық жұмыс істеп, табыс табатыны белігіл.  айналмақ.

2018 жылдың 11 айында 300 млн теңге инвестиция тартылды. Атап айтсақ, «Khansuar invest» ЖШС және «Тұңғатар» өндірістік кооперативтері ауданға  шетелдік мақта теретін комбайндар, жер жыртуға араналған техникалар және басқа да ауылшаруашылығы техникаларын алып келіп, ауданға қосымша 1 млрд теңгеге  жуық инвестиция тартылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар