Жамантай Бейсенбаев: «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу маңызды бағыт»

Dalanews 13 желт. 2018 09:34 365

Бүгінде Елбасының тапсырмасына орай, кең байтақ еліміздің әр қиырында ел экономикасын көтеру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу ісіне айрықша мән берілуде. Бұл ретте Жетісай ауданы әкімі Жамантай Бейсенбаев мырза Dalanews.kz сайтында осы мәселеге қатысты өз ойын ортаға салды.

– Жетісай ауданы үшін бүгінгі таңда ең өзекті мәселенің бірі біз өндірген өніміміздің көпшілігін шикізат ретінде жіберіп отырғандығымыз. Екі ауданда да – сол мәселе. Мысалы, мақтаны аламыз да талшық күйінде ғана сатамыз. Егер оны жіп қылып сатсақ, қосымша тағы пайда түсер еді. Оны мата қылып сатсақ, пайда одан сайын көбірек болады. Киім қылып тіксек, одан да қосымша табыс көздері болар еді. «Қауын-fest-ті» өткізгендегі бір мақсатымыз осында қауын-қарбыздан джем, тосап, шырын жасап шығаратын өңдеу цехтарын ашу, оны ашатын кәсіпкерлердің қызығушылығын ояту, пайдасы шаш-етектен екенін көрсету болатын. Одан қалса, қауын-қарбызды бал араларына азық, малға жем ретінде пайдалануға да болады. Бір ғана қауынның өзінен он түрлі өнім шығаруға болатынын біз кеше көрсеттік. Сонда біздің еккен қауынымыз қалдықсыз өнімге айналады, – дейді аудан әкімі.

– Жеріміздің барлығы суармалы. Сол жердің арқасында халық күн көріп отыр. Біз осы жерден жем-шөп дайындайтын үлкен кооперативтер құру арқылы тауық фермаларын, мал бордақылау фермаларын ашсақ, құрама жемді өзімізде шығарсақ дейміз. Бұл біріншіден қосымша жұмыс орыны және қосымша табыс көзі болар еді. Міне, осындай мәселелеріміз бар. Мұның бәрін қолға алып, жүзеге асыруға болады, әрине.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x