Арыста күніне 500 литр шұбат өндіретін «Желмая» кәсіпорыны табысты жұмыс істеуде

Dalanews 13 желт. 2018 07:38 240

2018 жылы Арыста 12 млрд. 521 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 93,6 пайызды құрады.

Ағымдағы жылы егіс егу жоспары 22900 гектар ал нақты егілгені 27676 гектар немесе 120,9 пайызды құрап отыр.

Жылыжай шаруашылықтарын дамыту жылыжай салу жоспары 6 гектар болса, орындалғаны 6,1 гектарды құрап, 101,6 пайызға артығымен орындалған. Тамшылатып суғару әдісін ендіру тапсырма 900 гектар, орындалғаны 905 гектар, немесе 100,5 пайызға орындалды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша ірі қара мал алу тапсырмасы – 600 бас, алынғаны – 693 бас немесе 115,5 пайызды құрады.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша қой алу тапсырмасы – 1002 бас, алынғаны – 1200 бас немесе 119 пайызды құрады.

«Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы алу тапсырмасы – 167 бас, алынғаны – 175 бас немесе 104 пайызды құрады.

Мал бордақылау алаңдарын салу, жанұялық сүт және құс фермаларын салу тапсырмалары толығымен орындалды.

Арыс қаласына қарасты Дермене ауылдық округінде Саналы бөлімшесінде «Желмая» АШӨК-і түйе сүтін өндірумен айналысуда. Күніне 500 литрден 1,5 тоннаға дейін шұбат өндіріледі. Олар бөтелкелерге құйылып Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларына жіберілуде.

2019 жылы түйе сүтінен йогурт өнімін өндіру және сауынды түйелерін 400 басқа дейін арттыру жоспарлануда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x