Кентауға алдағы жылы газ келеді

Dalanews 06 қар. 2018 15:59 299

Кентау қаласында халық игілігі үшін көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның бірі – қаланы табиғи газбен қамту. Қалаға табиғи газ беру ісі келер жылдан бастап газ берілмекші.



Биыл қала ішіндегі ішкі орамдарды сақиналау жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, қала ішін газдандыру жұмыстары үш кезең бойынша жүзеге асады. Бүгінгі күнге бірінші кезеңдегі жұмыстардың 60-70 пайызы біткен. Екінші, үшінші кезең жұмыстары да басталуға жақын. Келер жылдың соңында газ беру басталады. 2020 жылдың соңына қарай қаланы газдандыру ісін толық аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар, қалаға қарасты Хантағы ауылына да газ құбырын тарту жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы жылы Қарнақ, Байылдыр, Құсшы ата елді мекендеріне газ құбыры тартылады. Жоспар бойынша 2021 жылдың соңында Ащысай ауылынан басқа Кентау аумағын толық газбен қамтылатын болады.

Кентауда көпқабатты тұрғын үй құрылысы біразға дейін тоқтап қалған болатын. Тек 2015 жылы 60 пәтерлі бір көпқабатты үй салынып, тұрғындардың игілігіне берілді. Ал, биыл қалада жеті тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Барлығы да 60 пәтерлік, 5 қабатты үйлер. Пәтер кезегінде тұрған 120 тұрғын баспаналы болды. Бес тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары алдағы жылы аяқталады.

2019 жылы 300 отбасына пәтер беріледі. Одан бөлек, 15 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірленге. Бюджеттің қаржыландыруына байланысты, көпқабатты тұрғын үй салу жұмыстарын алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x