Ордабасылық диқандар тиімді бағытта жұмыс істеуге мән беруде

Dalanews 12 қар. 2018 09:35 200

Ордабасы ауданының егін шаруашылығында биыл 58 200 гектарға ұлғайып, қомақты  ауылшаруашылық дақылдары жиналды. Ала жаздай бел жазбай еңбектенген ордабасылық шаруалар 71 700 тонна көкөніс, 50 755 тонна бақша, 9500 тонна картоп, 52 901 тонна дәнді-дақылдар, 5 510 тонна майлы дақылдар, 18 697 тонна мақта, 5 545 тонна жеміс- жидек өнімдері толықтай жинап алынды.

Жаңадан қосылатын суармалы жерлердің көлемі 1423 гектарға ұлғайтылып, жоспар (1000 гектар) 142 пайызға артқанын атап айтуға болады. Жаңа дерлердің игерілуі аудандағы ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыра түсірген.

Сонымен қатар аудандағы диқандар 721,02 гектарға тамшылатып суару әдісі енгізіп, көрсеткіш белгіленген межеден (700 га) 103 пайызға артық орындалған. Бұдан басқа биыл аудандағы жылыжайлардың көлемі 14,39 гектарға ұлғайғанын да айта кетуіміз керек. Осылайша шаруалар ауыл шаруашылығы саласында тиімді бағытта жұмыс істеуге ерекеше көңіл бөле бастағанын байқауға болады.

Терең қопсыту әдісін қолдану бағытында – 9500 га жерді өңдеу жоспарланып, бұл бағытта 11 соқа алынып, 9807 гектар жерге терең қопсыту әдісі ендірілген.

Аудан көлемінде 63 бірлік жаңа заманауи өндірістік ауыл шаруашылығы техникалары алынып, жоспар 100 пайызға орындалды.

Егін шаруашылығы өндірісі жалпы өнімінің көлемі 10 млрд. 698 млн. 500 мың теңгені құрады.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x