Төлебилік күрдтер ынтымақ пен достықты насихаттады

Dalanews 13 қар. 2018 11:21 426

Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбеков бүгінгі ұйымдастырылған күрді ұлттық мәдени орталығының мерекесіне арнайы барып құттықтады.

Бауыржан Омарбеков, бүгінгі ұйымдастырылған мәдени мереке біздің көпұлтты ауданымыздың ынтымағы мен бірлігінің, достығының бір ғана көрінісі екенін, тәуелсіз елімізде берекенің бастауы, көпұлтты халқымыздың ынтымағы жарасқан бірлігінің арқасы екенін айтып, өзінің жүрек жарды  құттықтауын жеткізді.

Ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, халықтар арасындағы ынтымақты нығайтуға, бірліктін сақталуына күш-жігерін жұмсап жүрген Темиров Микаил Абдуллаұлы мен Гусенов Вазирге аудан әкімінің алғыс хаты тапсырылды.

Төлеби ауданында күрді ұлтының 1600 астам өкілі тұрады. Тілегі мен діні бір күрді халқы, қазақ халқымен тығыз байланыста өмір сүруде.

Мемлекетіміздің барлық тұрғындарын толғандырып жүрген ұлтаралық келісім мен татулық мәселелері елдің ішкі бірлігі жайындағы мәселелер Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде жан-жақты көрініс тапқан болатын.

Бүгінде елімізде  этникааралық қарым-қатынас мәселелерін дұрыс шешуде, әсіресе, жастардың бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін сіңіруде Н.Ә.Назарбаевтың осы еңбегінің үлкен мәнді методологиялық маңызы болды. Өйткені, Қазақстан дүниежүзілік өзгеде бір қатар мемлекеттер сияқты көп ұлт өкілдері қоныс тепкен аймақ болып саналады.

Көпұлтты Қазақстан мемлекетінде әртүрлі ұлттық мүдделерді шешудің бір ғана жолы бар. Бұл қазақ ұлтының біріктіруші рөлі негізінде барлық халықтардың тепе-теңдігін қамтамасыз ету болып табылады.

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x