Ж.Түймебаев: «Бәйдібек ауданында құны 7,4 млрд. теңгені құрайтын күн электр станциясы салынады»

Dalanews 15 қар. 2018 03:38 118

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «KK-KIUNSEN» компаниясының директоры Джон Енг Сун бастап келген делегациямен кездесті. Басқосуда тараптар өңірімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайын ақылдасты.

Аймақ басшысы кездесуде өңіріміздің экономикалық әлеуетін таныстырып, бірлесіп инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

– Оңтүстік Кореяны жаңа технология, ауыл шаруашылығы, өндіріс салалары дамыған ел ретінде білеміз. Болашақта аталған салаларда байланыс орнатып, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта түсеміз деген сенімдеміз. Түркістан облысы кәсіпорындар ашып, кәсіпкерлік саласын дамытуға өте қолайлы аймақ. Сондай-ақ, өңірімізде жаңа жобалар құрып, жұмыс істеуге ниетті инвесторларға түрлі жеңілдіктер мен мүмкіндіктер қарастылған, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Кездесу барысында қонақтар Бейдібек ауданынан жалпы құны 7,4 млрд. теңгені құрайтын күн электр станциясын салу туралы ұсынысын білдірді. Жамбыл ауылында бой көтеретін станцияның жалпы аумағы 1200 гектарды құрайды. Жоба жүзеге асырылса, 10 Мвт. электр энергиясы өндірілетін болады. Сондай-ақ, 50 адам жұмыспен қамтылады.

 

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x