Әкім атқарылған жұмыстар жайында есеп берді

Dalanews 12 қаз. 2018 11:50 226

Бүгін Төлеби ауданындағы кәсіпкерлер мектебі ғимаратының залында аудан әкімінің 8 айдағы әлеуметтік-экономика дамуы бойынша атқарылған жұмыстары туралы баспасөз брифингі өтті. Брифингке аудандық және облыстық ақпарат құралдары өкілдері мен тиісті бөлім басшылары қатысты.

Брифинг басында Төлеби ауданы әкімінің 8 айда атқарған жұмысы бойынша бейне жазба көрсетілді. Әрі қарай Аудан басшысы Бауыржан Омарбеков ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барысы жайында баяндады.

Төлеби ауданында ағымдағы жылдың 8 айында жалпы өңірлік өнім 62 млрд 956 мың теңге болып, жан басына шаққанда 540,2 мың теңгені құрады. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,4 пайызға артқан.

Өнеркәсіп саласында 21 млрд 828 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімінің нақты көлем индексі 106,1 пайызды құрады.

Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 8 айда 19 млрд 241,4 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі 102,5 пайыз болып отыр.

Мал шаруашылығы саласында 13 млн 787,1 мың теңгенің өнiмi өндiрiліп, нақты көлем индексі 102,5 пайызды құрады.

Су нысандары бойынша 2018 жылы арна түзеу, жаға бекіту және тазалау жұмыстарына аудандық бюджет есебінен 200 млн теңге қаржы қарастырылып аудан бойынша 4 су тоғаны және 39 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Бюджет – қаржы саясаты Контингент жоспары 1 млрд 399 млн теңге болып, үстіміздегі жылдың 1 қазанына нақты 101,7 пайызға артығымен орындалды. Оның ішінде аудан бюджеті 2018 жылдың 7 айында 873,8 млн теңгеге жоспарланып 104 пайызға артығымен орындалды.

Білім саласы Облыстық бюджет есебінен 4 мектептің құрылысына 1 млрд 179,9 млн теңге қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 1 млрд 571,4 млн теңге болатын 5 мектептің жоба-сметалық құжаттамалары дайын. Одан басқа, 2 мектептің жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Жұмыспен қамту саласы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқытуларға барлығы 9 мамандық бойынша 195 азамат жолданды. Бағдарламаның екінші бағыты аясында 32 азамат 131 млн. теңге шағын несие алса,Бағдарламаның үшінші бағытымен қамту бойынша 1283 адам тұрақты жұмысқа жолданып, оның ішінде бос жұмыс орындарына 1032 адам және жаңа жұмыс орындарына 270 адам орналасты.

Спорт саласы Ленгер қаласындағы орталық «Жастық» стадионын күрделі жөндеуден өткізу үшін жоба сметалық құжаттамаларын дайындауға жергілікті бюджеттен 1 млн теңге қаржы қаралды. Сонымен қатар Жоғарғы Ақсу ауыл округіне қарасты Мәдени ауылынан талапқа сай спорттық-сауықтыру кешенін салу үшін жергілікті бюджеттен 2 млн теңге қаржы қаралып, ЖСҚ әзірленуде. Бұл жұмыстар 2019 жылға ауыспалы.

Тұрғын үйлерді іске қосу 2018 жылдың 8 айында 17 623 шаршы метрді құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 148,3 пайыз. Ленгер қаласындағы 5 қабатты 40 пәтерлі 1 тұрғын үйге және 5 қабатты 20 пәтерлі 1 тұрғын үйлердің құрылысына облыстық бюджеттен 235,8 млн теңге қаржы қарастырылып, 20 пәтерлі 1 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды.

Табиғи газ саласы, Ауыз су саласы, Кәріз жүйесі, Жол саласы, Абаттандыру, Мемлекеттік – жекеменшік әріптестіктер жайлыда баяндамада айтып өтті.

Брифинг соңында аудан әкімі, журналистерді қызықтырған сауалдарына ықыласпен жауап берді.

 

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x