Түркістанда мектептерге су жаңа автобустар тапсырылды

Dalanews 29 там. 2018 12:04 357

Конституция күні мерекесіне орай Түркістан облысында білім ұяларына автобус берілді.

Көліктің кілтін мектеп басшыларына салтанатты түрде тапсырған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев білім сапасын көтеру жөнінде тапсырма жүктеді.

Бұл автобустар шалғай елді мекенде тұратын оқушыларды мектептерге тасымалдау мақсатында сатып алынған. Атап айтсақ, Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты Үшқайық ауылдық округіндегі С.Қожанов мектебінде 120 бала тасымалданады. Ендігі кезекте аталған ауылдарды тұрып, білім алатын жас жеткіншектер мектептеріне қиналмай қатынайтын болды. Жаңа көлікке ие болған мектептердің басшылары бұл жағдай оқушылардың сабақ үлгеріне айтарлықтай әсер етіп, олардың оқуға деген ынтасын оятатынын алға тартты.

Сондай-ақ, Бабай-Қорған жалпы орта мектебі мен Түркістандағы жас туристер станциясына да жаңа автобустар берілді. Зауыттан биыл шығарылған ПАЗ-32054 маркалы автобустарына жергілікті бюджеттен 34 млн. 50 мың теңге қарастырылған. Енді бұл автобустар оқушыларға қызмет етеді.

 

 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x