Қостанайдың инвестициялық әлеуеті арта түсті

Dalanews 14 мау. 2018 08:34 221

Жақында «Kazakh Invest» Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, аймақтың инвестициялық тартымдылығын жақсарту мақсатында әріптестік туралы меморандумға қол қойды.



– Қостанай облысында инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалынған және «Kazakh Invest» барлық сұрақтар бойынша қолдау көрсетеді. Қазірдің өзінде аймақтық жобалар бойынша нақты шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізу жайындағы келісімдерге қол жеткіздік. Жыл басынан бастап «Kazakh Invest» өкілдерінің, инвестиция салуға тартымды 11 елдің ірі компанияларымен келіссөздер жүргізді. Біз 60-тан астам жаңа инвесторларды анықтап, жобаларды дайындау бойынша қарқынды жұмыс істеп жатырмыз, – деп атап өтті «Kazakh Invest» Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев.

Меморандумға сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі шикізаттық базаның, жер ресурстарының, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу тәрізді критерийлерді ескеріп, инвестиция салуды талап ететін «игерілмеген» жобалар тізбесін жасайды. «Kazakh Invest» өз кезегінде «игерілмеген жобаларды» жүзеге асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздеумен және тартумен айналысатын болады.

Тараптар инвесторлардың өтініштерін жылдам қарастыру, оларға қолдау көрсету және «бір терезе» принципі бойынша қызметтер көрсету, инвестициялық жобаларға бірлескен мониторинг жүргізе және «Kazakh Invest» әзірлеген IRM («Investors Relationship Management») ақпараттық-мониторингтік жүйесіне келіп түсетін инвесторлардың сұрақтарын шешу жайында келісімге келді.

Тараптар жұмыс барысында шетелдік инвесторлар қатысатын жобаларды жандандыруды қарастырған. Аталмыш кезеңдегі аймақтың инвестициялық жобалары тізбесі жалпы сомасы 146,1 млрд. теңге болатын 21 инвестициялық жобадан тұрады, олардың ішінде 80% астамы шетелдік инвестициялар.

– Біз Қостанай облысы аумағында ірі іргелі жобаларды жүзеге асыру үшін «KazakhInvest» бірге ынтымақтаса жұмыс істеудеміз. Қазіргі таңда өңірде 400 гектар Индустриалдық аймақтың құрылысы салынуда. Ең алғашқылардың бірі болып инвестициясының жалпы көлемі 1,1 млрд. доллар құрайтын «СМС» қытай компаниясы және «Аллюр Компаниялар Тобы» автомобиль кластерін дамыту бойынша жобасы орналасатын болады. Бұл туралы келісімге Елбасымыздың жуырдағы Қытайға сапары барысында қол жеткізілді, – деп атап өтті Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов.

Атап кететіні, Қостанай облысының әкімдігі өңірдің инвестициялық жобалары мен аумақтары, сондай-ақ қол жетімді инфрақұрылымның және пайдалы қазбалардың барлығы бойынша ақпараттан тұратын облыстың интерактивті инвестициялық картасын енгізген.

Картадағы барлық ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі ұсынылған сайтта қол жетімді www.map.investinkostanay.kz. Өңірде қолдау көрсетуге және әлеуетті инвесторлардың өңірдегі проблемалық сұрақтарын және жүйелік кедергілерді қарастыруға арналған Инвесторларды тарту бойынша Кеңес қызмет атқарады.

Жуырда Қостанай облысында бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Солардың бірі жалпы құны 81,4 млрд. теңгені құрайтын дәнді және майлы дақылдарын терең өңдеу бойынша ауыл шаруашылық хабын құруды атап айтуға болады. Қытайлық инвесторлардың қатысуымен жобаның бастамасын көтерген «Kazmeal» (Казмил) ЖШС болып табылады. Жобалық қуаттылығы 600 мың тонна бидайды (оның ішінде, 100 мың тонна ұн, 100 мың тонна глютен және 350 мың тонна кеспе өндіру), 120 мың тонна май өнімдерін өңдеуге, 1 млн. тоннаға дейін құрама жем өндіруге есептелінген.

Сонымен қатар, Елбасының сапары шеңберінде Қостанай облысындағы машина құрастыру саласын дамыту бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылды. «Аллюр Компаниялар Тобы» АҚ, қытайлық «China National Machinery ImportandExport, Co» (СМС) компаниясы және «Бәйтерек» холдингі арасында Жол картасына қол қойылды. Аталмыш жоба шеңберінде инвестициялардың жалпы көлемі 1,1 млрд. долларды құрайтын толыққанды автомобиль кластерін (автобустар, жүк көліктері, электромобильдер) құру жоспарлануда.

Бұдан бөлек, «АгромашХолдинг KZ» АҚ және «YTO» арасында Қазақстанда тракторларды жинақтау өндірісін ұйымдастыру бойынша әріптестік туралы меморандум жасалынды. «YTO» компаниясы – бұл қытайлық трактор техникасының ең ірі өндірушісі. Бұдан әрі жобаны жүзеге асыру бойынша жол картасына қол қою жоспарлануда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x