«Сарыағаш» шипажайы: кәріз жүйелері жаңартылып жатыр

Dalanews 16 желт. 2018 04:01 212

Сарыағаш ауданының Көктерек кентіне қарасты кәріз жүйелері мен шайынды суларды тазарту бекеті қайта жаңартуды талап етеді. 

Мәліметтерге сәйкес, 1984 жылы іске қосылып, бүгінгі таңға әбден тозығы жетіп қайта-құрылымдауды талап ететін бекет «Сарыағаш» емдеу оңалту кешені ЖШС-нің теңгерімінде, негізгі қуаты тәулігіне 1000 текше метрге есептелген. Ал қазіргі таңда, Көктерек кентіндегі халық санының ұлғаюына және шипажайлар саны 20-дан аса артуына байланысты кәріз суларының  көлемі бұрынғысынан бірнеше есеге артып, апатты жағдайда жұмыс жүргізіп келеді.

Осыған байланысты бұл аталған тозығы жеткен кәріз жүйесі мен шайынды суларды тазарту бекетін қайта құрылымдауға және қуатын арттыруға «Сарыағаш» емдеу оңалту кешені ЖШС-і өз қаражат есебінен жалпы сомасы 28 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжатын (ПСД) әзірлеп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Жоба бойынша қуаттылығы тәулігіне 3100 текше метрге дейін кәріз суларын қабылдап-тазарту мүмкіндігіне ие. Жоба құны 1 164,008 млн.теңгені құрайды.

Қазіргі таңға кәсіпкерлік нысандарында жұмыс істеп жатқан азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Көктерек курорты аумағын дамыту бағдарламасында сауда-саттық жасаушыларға «Сарыағаш» емдеу оңалту кешені аумағынан арнайы жер қарастырылуда. Дегенмен бүгінгі күнге кәріз жүйесі мен шайынды суларды тазарту бекетін қайта құрылымдауға жасалынған жобаның іске асыру процедурасы біраз уақытты талап етеді. Сондықтан кәріз жүйесінің жобасы іске асқанға дейін сауда-саттықпен шұғылданатын тұлғаларға жаңа замауи сауда орындарымен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жалпы, ауданда минералдық және термалдық суларды пайдалану арқылы сауықтыру туризмін дамыту мақсатында «Сарыағаш» жаңа курорттық қалашығының құрылысы бойынша бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. «Сарыағаш» жаңа курорт аумағын жалпы жер көлемі 530 гектарға ұлғайту жоспарланып, жер учаскелеріне түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Аудандық кәсіпкерлік бөліміне туризм саласын дамыту бағытында бүгінгі күнге Көктерек кенті аумағындағы жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сай іске асырылатын 10 жоба ұсынылып, жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x