Ғани Қалиев: "Олигархтар жерді өз атына тіркемейді"

Dalanews 28 мам. 2016 02:51 455



Ұлттық мұражайда өтіп жатқан Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында аталған комиссияның мүшесі Ғани Қалиев еліміздегі миллиондаған жері бар олигархтың ешқайсысы жерлерін өз атына тіркемейтіндігін айтты.

— Біздің елімізде жүздеген, мыңдаған, тіпті, миллиондаған гектарға иелік ететін олигархтардың ешбірі де жерлерін өз атына ешқашан тіркемейді. Біз осыны ескермей болмайды. Ал енді оны қалай анықтаймыз. Менің ойымша, заңнамалық-құжаттарымызға бұл мәселені нақтылаудың бүге-шігесіне дейін нақтылап жазып көрсеткеніміз жөн. Сондай-ақ, оның бір шеті кімнің жері кімге тиесілі екендігін анықтап, нақтылауда жергілікті халықтан артық білетін ешкім жоқ, — деді Ғ. Қалиев.

Естеріңізге сала кетейік, комиссия мүшелерінің 75 мүшесін қосқан комиссия отырысында жерді шетелдіктерге жалға беру мәселесі қаралуда.

Дереккөз: Baq.kz




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x