Зорланды делінген 7 жасар баланы анасы алып кетті (видео)

Dalanews 16 мар. 2018 16:37 1140

Зағипа Балиеваның қорғауында болған 7 жасар баланы анасы Алматыға алып кетті. Оны сол қалада тәуелсіз сараптамадан өткізбекші.

Бұл туралы Балалар ісі жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева мәлім етті деп хабарлады Tengrinews.kz.

«Иә, баланы ол Алматыға алып кетпекші, ол ешкімді тыңдағысы да, түсінгісі келмейді. Мұнда психолог бар, барлық жағдай бар деп түсіндіріп жатсақ түк ұқпайды. Екі адвокаты не айтады, соны істейді. Біз әйелмен жөнді сөйлесе алмадық. Ол әжесі мен тәтесіне баланы қарау үшін берілген сенімхаттың күшін жойды», — деді әбден күйінген Балиева.

Оның айтуынша, балаға қатысты барлық құқыққа анасы ие.

«Әбден түсіндіруге тырыстым.
Жарайды, баланы жібереміз, сіз тәуелсіз сараптама жасайсыз, тіпті ол халықаралық болсын, бірақ оған сенбейтін тараптар ертең табылады. Сол кезде бәрібір баланы Астанаға әкелуге, тағы бір сараптамадан өткізуге тура келеді, балаға обал емес пе дедім. Бірақ ол мені мүлде тыңдамады.

Тыңдағысы да келген жоқ. Ал мен оның талабын қанағаттандырмауға еш қақым жоқ. сөйтіп баланы шешесіне бердік», — дейді депутат.

Шешесін балаға бірден неге кіргізбегендерін ол былай түсіндірді:

«Олар осында дүрлігіп жетіп келді, бәрі ашулы.
Содан тек шешесіне жүріңіз, балаңызға алып барайын деп едім, ол келіспеді. «Маған баланы қазір осы араға алып кел, біз кетеміз» деп кесіп айтты.

Жағдайды түсіндірдім. Мынандай түріңізбен қазір балаға бара алмайсыз. Психологтар мен психотерапевтер бар ол арада. Олар форма киген адам мен ашулы адамдарды балаға жолатпайды. Осылай десем, сөз ұқпайды. Бер дедім ғой, бер деп. Әрбірден кейін баланың денсаулығына ең бірінші анасы жауапты. Не десе де соның айтқаны болсын дедік, не істейміз. Бірақ баланы бірден қолдарына ұстата салған жоқпыз.

Егер ол баласымен көрісуге келсе,
онда арнайы прокурорды, тергеушілерді шақырайық дедім. Олар бұдан кейінгі процессуальдық әрекеттерді өзара келісуі керек қой. Анасына жағдайды түсіндіруі тиіс. Одан тиісті құжаттарды қабылдауы керек. Анасы баласын алып кететін болып, мемлекеттік қорғаудан бас тартатын болып шешім қабылдады.

Енді бұл өзінің таңдауы. Маған келіспеске басқа амал қалмады. Баланы алып кетті», — дейді Балиева.

Бала қолына тиген соң шешесі оны көлікке салып алып, белгісіз бағытқа тартып қойған. Ал адвокаттар балаға тәуелсіз сараптама Алматыда жасалатынын айтты.

https://youtu.be/vnd29yyWV0o

Рекомендовать
Последние новости