Зырян ауданында тасқынмен күрес қызу жүріп жатыр

Dalanews 01 апр. 2018 16:57 937

Зырян ауданында жаңбыр көп жауып, оған еріген қардың суы қосылып біраз үйді су басты. Осындай қиын жағдай қалыптасқаннан кейін ауданда төтенше жағдай жарияланып, өңір басшысы Даниал Ахметов апатты аймаққа арнайы келіп, тасқын судан зардап шеккен халықпен кездесті.



Алдын ала мәлімет бойынша тасқын судан аудандағы 192 үй зардап шегіп, тұрғындардың шаруашылық заттары, үй жихаздары мен тұрмыстық техникалары, азық-түліктері бүлінгені мәлім болды. Төнтенше жағдай қызметінің алдын ала жариялаған мәліметі бойынша 800 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Қазіргі таңда аудандағы 11 эвакуациялық құтқару нүктесінде психологтар мен медецина қызметкерлері халыққа қызмет көрсетіп жатыр.

Сонымен қатар су басқан аумаққа арнайы комиссия тобы келіп, тасқын судан халықтың қаншалықты шығын шеккенін есептеуге кіріскен. Егер су тасқынан үй тұруға жарамсыз болып қалған жағдайда билік орындары жаңа үй салып беруді көздеп отыр. Ал үй-жайын өз күшімен жөндеп алуға ұымтылған жандарға билік орындары қажетті құрылыс материалдары мен қаржылай көмек көрсетуді өз мойынына алып отыр.

– Су тасқынан зардап шеккен халық бір тинында жоғалтпайды. Арнайы комиссия жағдайды тексеріп, тасқын судан келген шығынды толықтай өтеп береді. Сондықтан үй-жайсыз қаламыз деп уайымдамаңыздар. Ертеңнен бастап тиісті қаржы бөліне бастаймыз, – деп өңір басшысы Даниал Ахметов халықты сабырға шақырды.

Қазіргі таңда өрт сөндіру және коммуналдық қызмет өкілдері су басқан аумақтарды су сорғымен тазалап жатыр. Сонымен қатар құқық қорғау органдары баспаналарын уақытша тастап кеткен халықтың үй-жайына күндіз-түні күзет қызметін ұйымдастырғанын да айта кетуіміз керек.

"Қазгидромет" ауа-райын бақылау орталығы наурыз айында Зырян ауданында жауған жауынның мөлшері 274%-ға жетіп, жердің тоңы 1.50 метрді құрағанын алға тартты. Осылайша аудан халқы қызыл судың құрсауында қалып қойған.

Рекомендовать
Последние новости