Зырян ауданында жаңа оңалту орталығы ашылды

Dalanews 14 дек. 2016 08:58 989

Шығыс Қазақстанда тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында әлеуметтік нысандардың саны тағы біреуге артты. Зырян ауданында ашылған 80 орындық оңалту орталығы ауданның мүмкіндігі шектеулі азаматтарына медициналық қызмет көрсетіп, психофизикалық тұрақтылық қалыптастыруда қолайлы жағдай туғызбақ.

Айта кетсек, осы уақытқа дейін Зырян ауданының тұрғындары емдом алу үшін облыс орталығы Өскемен қаласындағы оңалту орталығы келетін. Ендігіден бастап жаңа техника және заманауи құрылғы орнатылған 80 орындық орталық зыряндықтарға қызмет көрсетпек. Психологиялық қолдау көрсету, физиоемдеу және емдік дене шынықтыру бөлмелерімен қатар, оңалту нысаны вакуумдық емдеу, аспалы емдеу жүйесі аппараттарымен және жаттығу тренажерларының түр-түрімен жабдықталған.

Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова аудан тұрғындарын құттықтай отырып, жылы лебізін білдірді.



Құрылысы ұзақ уақытқа созылған оңалту орталығы облыс әкімі Даниал Ахметовтың бақылауына алынғанан кейін, мекеме құрылысы жанданып, уақытында тапсырылады. Жаңа әлеуметтік нысан үшін  республикалық бюджеттен 409,9 млн, облыстық бюджеттен 22,8 млн теңге бөлінген.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдары Шығыс Қазақстанда тек 7 емдеу-әлеуметтік нысаны болған. Қазір олардың саны 15-ке жетіп отыр.

Рекомендовать
Последние новости