Зеленский мен Путин қайда кездеседі?

Сағыныш Сардарова 21 авг. 2025 14:59

Алдағы күндері Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келіссөздер өткізу үшін бейтарап алаң ретінде бірнеше елді атады. Оның айтуынша, Австрия, Швейцария немесе Түркия қолайлы болуы мүмкін.

Зеленский Мәскеуде кездесу өткізуге үзілді-кесілді қарсы екенін атап өтті.

Ол Түркияны НАТО мүшесі және Еуропаның бір бөлігі ретінде қолайлы нұсқа деп бағалады. Ал Будапештті келіссөздер алаңы ретінде қарастыруға болмайтынын айтты. Бұған себеп – Венгрияның соғыс кезінде Украинаны қолдамауы және оның Еуропалық Одаққа кіруіне қарсы ұстанымы.

Осылайша Украина басшысы бейбіт келіссөздер жүргізу үшін бейтарап және сенімді елдерді таңдауға мүдделі екенін көрсетті.


Рекомендовать
Последние новости