Зеленский күткен «жақсы жаңалық». Байден алыстан соққы беретін MLRS артиллериясын беретін болды

Dalanews 31 мая 2022 06:34 1115

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға алыс қашықтағы нысанды жоятын MLRS артиллериясын беретін болды. Украин сарбаздары осы қаруды уысына түсіруді көптен бері армандап жүрген еді. АҚШ билігі «украин сарбаздары Ресей территориясындағы нысандарды атқылауы мүмкін» деп аталған қаруды беруді кешеуілдетіп келген-ді. Енді АҚШ MLRS артиллериясын беретін болды.  

Бұған дейін АҚШ Украианаға Ресей территориясын атқылауға мүмкіндік беретін қашықтан соққы беретін зымырандарды бермейтінін айтқаны есімізде.

Өз кезегінде АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі, халықаралық сарапшы Майкл Мауфол:

– Байден әкімшілігінің MLRS артиллериясын беру ісіне түсініктеме берсем, меніңше жақын күндері Украина көздеген нысанына дәл тиетін қару түріне ие болады. Өйткені, Украина жеріне ішкеріліп кіріп алған Ресей әскеріне соққы беру үшін мұндай қару аса қажет, – деген болатын.

Күні кеше ғана Украина президенті Владимир Зеленский алдағы апта жағымды жаңалық күтіп отырғанын айтқан-ды.

Осыдан кейін CNN арнасы АҚШ президенті Украинаны қолдау мақсатында жаңа әскери пакетті дайындағаны жайында хабар тарата бастады. Украина әскерін қолдауға бағытталған жаңа пакетке MLRS артиллериясын беру мәселесі қарастырылған.


Мамандардың айтуынша, қазір АҚШ пен Украина аталмыш қаруды қолдану ісі бойынша келсім жүргізіп жатуы мүмкін.

Бұдан басқа The New York Times басылымы да АҚШ Байден әкімшілігі Украинаға алыс қашықтықтан шабуылдайтын қару түрін беруге шешім қабылдағанын жазды.

Рекомендовать
Последние новости