Заңгер «Еуразия» арнасының үстінен сотқа шағым түсірді

Dalanews 16 мая 2016 00:46 844

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына қазақстандықтарды отанын сатты деп айыптаған «Еуразия» арнасының қожайыны «Еуразия+ОРТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үстінен шағым түсті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Шағымды аудандық сотқа заңгер Нұрхан Жұмабеков тапсырған. Шағымданушы арнаны жауапқа тартып, өзіне моральдық шығын ретінде телеарна басшылығынан жүз мың теңге өндіріп беруді сұраған.

Естеріңізге салсақ, телеарна журналистері 24 сәуір күні Атырауда, 27 сәуірде Семей мен Ақтөбе қалаларында, ал, 1 мамырда Қызылордада жер саудасына наразылық білдіріп митингке шыққан халықты шетелдік топтардан 50-150 АҚШ доллары көлемінде қаржы алды деп айыптаған болатын. Телеарна ұжымы бұған дәлел ретінде белгісіз азаматтардың ақша таратып жүрген видеосын да көрсетті.






Рекомендовать
Последние новости