Заңды бұзған мектептердің лицензиясы тоқтатылды

Dalanews 26 апр. 2021 11:12 876

Түркістан облысында ағымдағы жылдың 4 айында 93 өтініш тіркеліп, тексерулер нәтижесінде 8 лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Білім заңнамаларын бұзғаны үшін 12 лауазымды тұлғаға нұсқама берілген. Сондай-ақ, екі мектептің лицензиясы уақытша тоқтатылып, 115 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бақытжан Мұхамеджанов мәлімдеді.

– Мемлекеттік бақылау шараларын орындау барысында жоспарға сәйкес, 2021 жылдың 1-жартыжылдығында профилактикалық бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 30 білім беру ұйымында кемшіліктер анықталып, нұсқамалар берілді. Бұдан өзге, департамент тарапыпынан ҚР-ның «Педагог мәртебесі туралы» заңының талаптарын бұзған үшін 2 лауазымды тұлғаға шара көрілді. Сондай-ақ, заңнамаға сәйкес балалардың білім беру ұйымдарындағы сабаққа дұрыс қатысуын қамтамасыз етпегені үшін ата-аналарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды, – деді Бақытжан Қалжанұлы.

Департамент тарапынан облыс аумағындағы мектептерде білім беру ұйымымен бекітілген педагогикалық әдеп бойынша кеңестің құрылмауы, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі 35 %-дан кем болуы сынды деректер анықталған.

Рекомендовать
Последние новости