Юрий Дудь Қазақстанға неге келмейтінін түсіндірді

Асель Қайратқызы 20 окт. 2025 16:57

Қазақстандық блогер Алишер Елікбаев жариялаған видеода ресейлік журналист Юрий Дудь неге оның шығарылымдарында Қазақстаннан келген кейіпкерлер ұзақ уақыттан бері көрінбей кеткені туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алишер Елікбаев Юрий Дудьпен бірге Мадейра аралында болды. Блогер журналистке блиц- сұхбат ұйымдастырды: қойылған сұрақтардың бірі- неге оның шығарылымдарында көптен бері қазақстандықтар болмағаны туралы еді.

«Өкінішке қарай, мен қазір Қазақстанға бара алмаймын. Маған қызық болатын кейіпкерлерді Қазақстанда түсіру дұрыс болар еді. Бірақ ол жаққа барудың сәті түспей тұр. Ресейде маған қарсы қылмыстық іс қозғалған. Соған байланысты Қазақстан мені осы қылмыстық іс бойынша экстрадициялауы мүмкін. Қазақстан халқына деген зор ықыласыма және ол жақта достарым мен таныстарымның барына қарамастан, әзірге ол елге бара алмаймын»,- деді Дудь.

2025 жылдың шілде айында Мәскеу соты журналист және блогер Юрий Дудьті сырттай қамауға алу туралы шешім шығарды. Оған Ресей Федерациясының шетелдік агенттер туралы заңнамасында көзделген міндеттерден жалтарды деген айып тағылып отыр.


Рекомендовать
Последние новости