Исекешев өмір сүру ұзақтығы кімнің арқасында өскенін айтты

Dalanews 18 сент. 2019 11:40 931

Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев Нұрсұлтан Назарбаев жасаған реформалардың арқасында Қазақстан қандай жетістіктерге жеткені туралы айта келіп, бүй депті:

“Елбасы бастаған реформалардың арқасында біз маңызды нәтижелерге қол жеткіздік. ЖІӨ 11 млрд доллардан 170 млрд долларға дейін өсті (барлық Орталық Азия елдерінің жиынтық көрсеткіші 60 млрд-қа аз). Елге 300 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Елдегі өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті.

Қазақстан посткеңестік кеңістікте алғашқы болып адами капиталды дамыту мен тарту бойынша «Болашақ» сияқты алғашқы бағдарламаларды жүзеге асырды, оның аясында 10 000-нан астам маман оқытылды”.

Мұндай сөзді ол бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жаһандық кеңестер федерациясының саммитінде айтқан.

Саммитке  16 елден 200-ден астам қатысушы, соның ішінде 50 халықаралық сарапшы жиналған екен. Айтпақшы, Исекешев басқарып отырған елбасы қорының мақсаты – елдің тұрақты өрлеуіне және бәсекеге қабілетті ұлттың дамуына ықпал ету көрінеді.

Дереккөз: arasha.kz

Тағы оқыңыз:

https://dalanews.kz/46669

Рекомендовать
Последние новости