Иранның қауіпсіздік күштері Керманшах провинциясына қарасты Каср-Ширин шекаралық аумағында Израиль барлау қызметімен байланысы бар алты әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды Dalanews.kz “Свободный Иран” телеграм арнасына сілтеме жасап.
“Олар Иракқа қарай жол талғамайтын көлікпен қашып өтпек болған. Алайда Иранның барлау қызметі оларды дер кезінде анықтап, арнайы операция нәтижесінде ұстады”, — дейді дереккөз.
Бұл операция Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) мен Қауіпсіздік басқармасы арасындағы тығыз үйлесімділікпен жүзеге асқан.
“Билік өкілдері халықты ел ішінде орын алуы мүмкін күдікті әрекеттер туралы дереу хабарлауға шақырады. Қоңырау шалуға арналған нөмірлер: 114, 113 және 110”, — деп қосты дереккөз.