"Инвестор келмесі анық, бәрін өзіміз жөндейміз". Ахметов Риддергі ЖЭО-да күрделі жөндеудің барысы туралы айтты

Dalanews 08 июн. 2023 05:43 838

Риддер қаласындағы өткен ғасырдың 50-шы жылдарында салынған жылу орталығын жөндеу жұмыстарын 15 қыркүйекте аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Риддер қаласында БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз-туры барысында айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Риддер ЖЭО» АҚ биылғы қыста апатқа ұшырап, ара кідік тоқтап қалғаны белгелі. Алайда қондырғылардың тозғанына, меншік иесінің ауысуымен және кәсіпорынның миллиардтаған қарызына қарамастан, ШҚО әкімдігі қаладағы энергетика тапшылығының алдын алып, 60 мыңға жуық халқы бар қаланы жылумен қамтамасыз ететін энергетикалық нысанды өз бақылауына алып, оны қалпына келтіруге кірісті.

– Маңызды жұмыстың бірінші кезеңі басталды. Барлық 6 қазандық күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл ретте бізде жылу беру маусымы қарсаңында қысқа мерзім мен халық алдында үлкен жауапкершілік тұр. Барлық күрделі техникалық жабдықтарды ауыстырамыз. Айталық, 6 Үлкен шарлы диірменді "Қазмырыш" зауыты жасайды. Ал қалған басқа жабдықтар негізінен ШҚО зауыттарында жөнделеді.

Тағы бір маңызды міндет – ғимараттың контурын жабу және жылудың шығуына жол бермеуге де баса мән беріп отырмыз.

Үшінші міндет – шаңды жою. Жұмысшылар мына шаң-тозаңмен тыныстамас үшін, ондаған жылдар бойы жұмыс істемеген желдеткішті қалпына келтіру қажет.

Төртінші міндет – энергетикалық бөлік. Мұнда бар 3 турбина 50 МВт-тан астам өндіре алады, бірақ бұл қазір мүмкін емес. Біз оларды өз тұтынуымызды жабу үшін 25-30 МВт-қа шығарғымыз келеді, ал энергияның аз мөлшерін «Қазмырышқа» немесе қалаға беру жоспарлануда, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. 


Сондай-ақ,  ЖЭО болған 3 өрт және 2 жарылыс салдарынан көмір жеткізу жолы зардап шеккен-ді. Жұмысшыларға 267 тонна жанармайды қолмен жеткізіп келген. Тракт қысқа мерзімде қалпына келтірілді.

Бірақ қазір 1 трактіні жөндеуді аяқтау және резервтік желіні іске қосу, сондай-ақ өрттен кейін құрылымдарды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар ЖЭО-на порталдық кран сатып алу керек. Атқарушы билік жаңасын сатып алмақ, болмаса көмірді түсіру мәселесін шешу үшін 2 экскаватор тауып бермекші. Станцияның мазут қондырғылары да жұмыс жағдайына келтірілді. Алайда ЖЭО жүрегі, Багет станциясы күрделі жөндеуді қажет етеді.

Сонымен қатар, күл үйіндісінде де ауықымды жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Мамандар бұл мәселенің техникалық шешімін ойластырып үлгерген. Жөндеу жұмыстары кезінде күл үйіндісінің екінші бөлігін қайта жаңарту жоспарлап отыр.

Тағы бір мәселе Громотуха өзенінде шұға пайда болған кезеңде жылу көзін және жалпы қаланы сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындайтыны белгілі. «Водоканал Риддер» мекемесінің басшылығы қала тұрғындары мен стансасын үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін жобаларды әзірлеуде.

Риддерде соңғы 5 жылда алғаш рет жылу желілерінің гидравликалық сынақтары жүргізілді. 3,3 шақырым құбыр ауыстырылады. Айта кету керек, мердігерлер жұмысты қаржыландыру басталмай жатып іске кірісіп кетті.


– Қазірдің өзінде станцияның барлық 6 қазандығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер ретінде «Перспективные технологии – Қазақстан» компаниясы. Қазіргі уақытта 128 адам жұмылдырылған, – деді «Риддер ЖЭО» АҚ бас директоры Игорь Михайленко.

Айтпақшы, 5 жыл бұрын осында жұмыс істеген және нысанды ішінен білетін ЖЭО-ның жаңа басшысының айтуынша, бұрынғы иелерінің немқұрайлығынан  жылу орталығын қайта құруға тура келетінін жеткізді.

– Жылу электр орталығының меншік нысанына келетін болсақ, оның мемлекеттік бақылауға өтуін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өкінішке орай, бұл нысанды өз миллиардтарына жөндейтін инвестор келеді деген үміт жоқ. Ондай меценаттар табылмайды. Сондықтан біз жұмыс істейміз. Бұл ЖЭО  бөлімшесі «Өскемен жылу желілері» АҚ құрамында болады, келісім-шарт жасалды. Құқықтық мәселелер шешілуде, – деп қорытындылады Даниал Ахметов.

Рекомендовать
Последние новости