Интернеттің ізі шалғайға жетті ме? Қазақстанды қамту деңгейі

Сағыныш Сардарова 20 окт. 2025 12:09

Жоғары жылдамдықты интернет шалғай ауылдарға қаншалық жетті? Үкіметтің баспасөз қызметі ресми мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгінде Қазақстанда 6 179 елді мекеннің ішінде 119 қала мен 4 906 ауыл байланыспен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ресми ақпарат бойынша оның 2 724-і 3G технологиясы бойынша, ал 2 182-і 4G бойынша қосылған.

"2027 жылдың соңына қарай тағы 3 мың ауылды жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарланып отыр. 504 шалғай елді мекенді спутник технологияларды пайдалана отырып, желіге қосу жоспарда бар", - деп жазылған хабарламада.

Оның 176-сы KazSat арқылы байланыспен қамтамасыз етілген, ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 328 ауыл OneWeb арқылы қосылмақ.

"2025 жылғы маусымда Starlink-пен келісімге қол қойылды, ол биыл 13 тамыздан бастап Қазақстанда ресми түрде қызмет көрсете бастады. Бүгінде Starlink интернеті 1,7 мыңнан аса ауылдық мектепте жұмыс істейді. 2025-2027 жылдары 3 мыңнан аса ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықты интернетке қосылады", - деп жазылған хабарламада.


Рекомендовать
Последние новости