Индира Рыстина: «Халық өзін мемлекеттің азаматы емес, мемлекеттік қызметті тұтынушы ретінде сезінеді»

Dalanews 22 апр. 2022 03:26 715

Елордада Қазақстандық қоғамдық даму институтының алаңында «Ұлттық құрылтай – қоғамдық диалогтың жаңа моделі» атты «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтті. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткен шараға сарапшы мамандар қатысып, ойларын ортаға салды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Басқосуда Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Индира Рыстина:

– Өтпелі кезең әлі жалғасуда. Бұл дегеніміз адам санасының ойлау қабілеті мен оның билікке деген қарым-қатынасы және өзінің азамат ретінде қалыптасуының өтпелі кезеңі болып жатыр деген сөз.

Біздің елімізде көп жағдайда халық өздерін әлі күнге дейін мемлекеттің азаматы ретінде емес, мемлекеттік қызметті тұтынушы ретінде ғана қабылдайды.

Бұл екі ұғымның арасындағы айырмашылық – азамат бұл мемлекеттің дамуы үшін барынша ат салысып өзін мемлекеттің бір құралы ретінде қабылдаса, ал мемлекеттік қызметті тұтынушы бұл мемлекет маған не бере алады деген концепциямен ойлайды.


Осы кезде делиберативті демократия институттарының енуі өте маңызды. Делиберативті демократия институттары арқылы біз азаматтарымызға азамат ретінде ойлауға мүмкіндік бере аламыз. Яғни, мемлекетті тек қана қолында мандаты бар, не болмаса қандай да бір лауазымы бар кезде ғана ойламай, азамат ретінде мемлекетке қандай пайда әкеле аламын деген сұрақтарға жауап іздейді.

Өтпелі қоғам институты ретінде қазір біз осы функцияны орындап, оның барлығын да онлайн форматқа ауысытыруымыз керек, – деді.

Отырыс барысында сарапшылар жаңа институттың қандай функциялары мен өкілеттіктері болуы тиіс екендігі туралы өз көзқарасын айтып, пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ отырысқа қатысушылар қоғам мен мемлекет арасында тұрақты кері байланысты қалыптастыру жөніндегі қадамдарды талқылады.

Рекомендовать
Последние новости