Индустрия министрлігі: шекарадағы өткізу бекеттері штаттық режимде жұмыс істеуде

Dalanews 23 сент. 2022 13:19 848

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ресеймен арадағы өткізу бекеттеріне қатысты мәлімдеме жасады. 

Еліміздің автомобиль, темір жол және әуе тасымалына жауапты ведомство Путиннің мәлімдемесінен кейінгі көрші елде туындаған ахуалдан хабардар.

"Қазіргі таңда еліміздің барлық көлік инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеуде. Пойыздар мен ұшақтар және автобустар күндегідей жолаушылар тасымалын ұйымдастыруда.

Сондай-ақ тасымалдау сыйымдылығын арттыру және рейстердің кешігу санын азайту мақсатындағы тапсырманы орындау үшін кеше кешкілік отандық әуе паркі тағы бір «Boeing-737» ұшағымен толықты.

Бұл SCAT авиакомпаниясының соңғы бір жарым айда алған төртінші «Boeing» әуе кемесі. Сыйымдылығы 189 орындықты құрайтын самолет авиакомпания паркіндегі 30-шы ұшақ.

Биылғы жылдың соңына дейін Қазақстанның азаматтық авиация флоты тағы да 10 әуе бортымен толығады деп жоспарланып отыр", – дейді министрлік баспасөз хатшысы.


Жанжігіт Омарханның атап өткеніндей республикалық маңызы бар көлік жолдарындағы қазіргі жағдай мен ондағы қозғалыс қарқындылығы да алдыңғы апталардағыдай қалыпты деңгейде.



"Егер БАҚ өкілдері тарапынан министрлік қызметіне байланысты қандай да бір қосымша сауалдары болса, біз әрдайым жедел әрі нақты жауап беруге дайынбыз", – дейді ол.

Рекомендовать
Последние новости