ИМ мен Талибан жасақтары  қақтығысып қалды

Dalanews 26 мая 2015 02:47 886

Кеше Ауғанстанның батысында ИМ-ге ант еткен жасақтар мен Талибан жасақтары арасында қарулы қақтығыс болды. Нәтижесінде екі тараптан ең аз дегенде 27 адам оққа ұшқан.

Феррах уәлaятында қарулы топ жергілікті Талибан жасақтарынан ИМ басшысы Әбу Бәкір Әл Бағдадиға ант етіп, мойынсұнуды талап еткен.  Бұл туралы Ауған армиясының Феррах уәлаяты басшысы, генерал Асауллаһ Кохистани мәлімдеді. ИМ сарбаздары Талибан бақылауындағы Хаки Саффед аймағына шабуыл жасаған. Шабуыл барысында ИМ-нің 15 мүшесі оққа ұшып. 12 адам тұтқынға түскен. Тұтқындар арасында ұлты өзбек бір әйел де бар. Талибан жағынан 12 жауынгер қаза тапқан.

Жанжалға Ауған әскерін араластыру  туралы сауалға Кохистани: «Қақтығыс болған аймақ таулы және шалғайда орналасқан, әскер жіберу біршама қиындау. Орталықтан әуе күштерін сұраттық. Талибан да, ИМ де – біздің жауымыз. Қазіргі кезде екі жақ бір біріне соғыс жариялаған», – деп жауап берді.

ИМ сарбаздары Талибан аймағында өз сапына жауынгер жинау мақсатымен Талибанға соғыс жариялаған. Өткен аптада дәл осы аумақта Талибан мен ИМ жасақтары арасында жанжал болып, Талибан командирі қаза тапқан.

Aljazeera жаңалықтарынан әзірлеген Назар Тұрықбайұлы


Рекомендовать
Последние новости