Хуторлық Хасанның бизнесінің заңдылығынан күмәнді жайттар анықталды

Көркем Алдабергенова 11 нояб. 2024 13:10 2814

Саясаткер Ермұхамет Ертісбаев пен азаматтық белсенді Жарқын Күрентаев Талғарда ұсталған Хасан Қасымбаевтың бетон зауыт ұстауынан күмәнді факттерді анықтады,- деп хабарлайды Dalanews.kz Qaz365.kz-ке сілтеп. 

«Хасан кәсіпкер ретінде тіркелген. Оның бетон зауыты бар. Осыдан кейін ең қызығы басталады», - дейді Ермұхамет Ертісбаев.

Күрентаевтің айтуынша, Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округінде өте үлкен, массивті карьерлер бар. Онда ұсақ тас, құм – қатты пайдалы қазбалар қазылады. 

«Менің қолымда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хаты бар. Онда «министрліктің жер қойнауын пайдаланушылар реестріне сәйкес, Алматы облысы Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округі аумағында қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіру құқығы ешкімде жоқ» деп жазылған. Мұны министрлік жазып отыр. Ал біз Талғарда қаншама карьер барын білеміз. Соған қарамастан Хасан Қасымбаев мырзада бетон зауыт бар. Яғни, Талғар ауданында факт жағынан карьерлер бар. Министрлік ол жақта жоқ дейді. Ол сонда шикізатты қайдан алады?» - деп сұрады Жарқын Күрентаев.

Еске салайық, Хасан Қасымбаевтың өзі екі айға қамауға алынған болатын. 

Кейін полиция мәлімдеме жасап, Хасан Қасымбаевтың ұсталуы - Шерзаттың өліміне байланысты емес екенін хабарлады.

ПД мәліметінше, Қасымбаев 2 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол азамат Арман Алимовті ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген.

Оқиға 2021 жылдың маусымында болған. 

"Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді", - деді бұған дейін Алматы облыстық ПД өкілдері. 

Ермұхамет Ертісбаев ағасы әкімдікте жұмыс істеген ауданда Хасан Қасымбаевтың табысқа қалай кенелгенін құқық қорғау органдары тексеруі керек деп мәлімдеді.   


Рекомендовать
Последние новости