Храпунов? 10 жыл бұрын елден кеткен шендінің жері енді тәркіленді

Dalanews 18 июл. 2022 05:51 860

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында бұрын заңға қарамастан тәркіленбеген объектілерге тексеру жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бүгінде осындай 36 нысан (коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлік, жер учаскелері) анықталған.

«Шығыс Қазақстанда орналасқан Храпуновтың 8 жер учаскесін тәркілеу туралы атқарушылық іс жүргізу қозғалды», – деді комиссия өкілдері.

Сондай-ақ, Жоғарғы сот билікті басып алуға әрекет жасағаны үшін сотталған бұрынғы сыра зауытының иесі Тоқтар Төлешовтің активтерін (Шымкенттегі балабақша мен Сарыағаш қаласындағы профилакторий) заңсыз қайта ресімдеуді алып тастау туралы прокуратураның кассациялық өтінішін қарастырып жатыр.


Сонымен қатар, олигополиялардың пайдасына қабылданған сот актілері бойынша Жоғарғы сот сатысына 4 наразылық жеткізілді. Оларды қайта қарау мемлекетке шамамен 30 миллиард теңге сома залалды өтеуді көздейді.

Рекомендовать
Последние новости