XII Астана экономикалық форумы корытындыланды

Dalanews 21 мая 2019 11:56 870

Өткен аптада Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласындаЕуразияның жыл сайынғы ірі іскерлік оқиғасыXII Астана экономикалық форумы аяқталды. Саясаткерлер, инвесторлар, экономистер және әлемдік деңгейдегі ғалымдар биылғы жылғы «Ынталандырушы өсім: адамдар, қалалар, экономикалар»форум тақырыбы аясында қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлерін талқылады.

2019 жылы форум жұмысына әлемнің 74 елінен делегаттар қатысты. Олардың саны 5 600 адамға жетті, сондай-ақ 460 спикер болды. Сонымен қатар, бұл оқиғаны баяндауға әлемнің 30 елінен 381 журналист келді. Форум бір уақытта 6 түрлі жерде өткізілді. Олар: Конгресс центр, Hilton, АХҚО, Astana Hub, St. Regis Astana, Rixos President Astana.

Форумның 12 жылдық тарихында алғаш рет Қазақстан үшін жаңа талқылау форматтары-қаржы министрлері мен елдердің орталық банктерінің басқарушылары үшін Халықаралық Валюта Қорының қатысуымен дөңгелек үстел, БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары бойынша бірінші қазақстандық форум өткізілді. Студенттер мен жастар үшін Астана экономикалық форумында AEF Talks форматы қарастырылды. Бұл формат ашық көпшілік лекцияларды, Нобель иегерлерімен және саяси қайраткерлермен кездесулерді қамтиды. Сондай-ақ, биыл баспасөз орталығында one on one пікірталас форматы пайда болды.

Форумның бірінші күні пленарлық отырысты АЭФ-тың идеялық ынталандырушысы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Ол өңірлік және жаһандық сын-қатерлерді еңсеру үдерісіндегі форумның маңызды рөлін атап өтті.

"Өткен жылдары осы жерде талқыланған ұсыныстар мен идеялар көп жағдайда Қазақстанға жаһандық сын-қатерлерге дер кезінде жауап беруге және қиындықтарды сәтті еңсеруге көмектесті. Өздеріңіз білесіздер, дамудың қазақстандық моделі барлық жағдайлар мен болжамдарға қарамастан, өзінің тұрақтылығы мен тиімділігін дәлелдеді. Біз өршіл мақсат қойдық, біз оларға қол жеткіздік", – деді Елбасы.

ХВҚ-ның Басқарушы директоры Кристин Лагард өз сөзін белгілі қазақстандық ақын Абай Құнанбаевтың: «ақырын жүріп, анық бас» деген сөзінен бастады. Оның пікірінше, бұл даналық Кавказ және Орталық Азия елдерінде инклюзивті өсуге қол жеткізу үшін тиімді шараларды әзірлеудің кілті болуы мүмкін. Лагард Қазақстан мен осы аймақтың басқа да елдері одан әрі даму үшін зор әлеуетке ие деп есептейді.

Армения Республикасының Президенті Армен Саркисян жаңа жүйені құруға шақырды. Оның пікірінше, бұл құрылысқа тек мемлекет басшылары ғана емес, барлық адамдар қатысуы тиіс: «апаттан аулақ болыңыз, дүниеге келген балалар үшін әлемді жобалаңыз. Олар мүлдем басқа әлемде өмір сүреді. Біз құрғымыз келетін жүйе, ірі елдер арасындағы бәсекелестікті ғана емес, өзгермелі әлемнің негізгі қиындықтарын да бастан кешіреді деп үміттенемін», – деп мәлімдеді Армения Президенті.

Білімге деген құштарлығымен белгілі, Ресей Сбербанкінің президенті мен басқарма төрағасыГерман Грефбылай деді: "Біз барлығымызоқушымыз. Біз Махатма Ганди принципін басшылыққа алуға тырысамыз. «Ертеңгі күніңіз өміріңіздің соңғы күніңіздей өмір сүріңіз. Мәңгі өмір сүретіндей білім алыңыз».

Сондай-ақ форум аясында келесі пікірлер айтылды:

 

Джеффри Сакс: «Қазақстан бейбітшілікке ұмтылу саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылады»;

Армида Салсия Алишахбана: «Қазақстан тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін елеулі әлеуетке ие»;

Хуан Мануэль Сантос: «Соңғы бірнеше жылда тұрақты даму мақсаттарының ілгерілеуі тым ерекше болды, бірақ бұл жеткіліксіз»;

Стэнли Фишер: «Өнімділікті болжау өте қиын. Біз жай ғана қолымыздан келетін нәрсенің бәрін жасаймыз».

 

Бұдан басқа, дәстүрлі АЭФ маңызды келісімдер мен меморандумдар жасау алаңына айналды. GEAR (Kazakhstan Global Investment Roundtable) аясында жалпы сомасы 8,7 млрд доллар болатын 43 келісімге қол қойылды.

Атап айтқанда, газ химиясы саласында Маңғыстау облысының әкімдігі мен сингапурлық "Westgasoil" компаниясы арасында метанол мен олефин өндіру жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.Жобаны іске асыру химия өнімдерін өндіруді оқшаулауға және тұтастай алғанда елдің газ-химия кешенін дамыту арқылы экспортқа бағдарлануға мүмкіндік береді.

Yıldirim Holding (Түркия) және Жамбыл облысының әкімдігі экспортты дамыту мақсатында Жамбыл облысында кальцийленген сода өндіру бойынша зауыт салу туралы келісімге қол қойды. Зауыттың жобалық қуаты жылына 400 мың тоннаны құрайды.

Жылыжай кешендерінің құрылысы бойынша жоба, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортқа бағытталуына арналған жоба шеңберінде тиісті келісімге "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ мен «ЭКО-Культура» АӨХ ресейлік инвесторы арасында қол қойылды. Сондай-ақ, тамақ өнеркәсібі саласында Павлодар облысы әкімдігі мен Beijing NAALE GROUP (ҚХР) арасында қант зауытын салу бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

"YDA Holding" (Түркия) Көлік және логистика саласында Түркістан облысы әкімдігімен халықаралық әуежайды салу және пайдалану туралы келісімге қол қойылды. Бұл құрылысы басынан басталатын,Қазақстан тарихындағы алғашқы әуежай. Көлік саласындағы тағы бір жоба Ақтөбе қаласындағы Халықаралық әуежай базасында логистикалық хаб құру болып табылады, тиісті келісімге "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ мен "АЕОН" корпорациясы (Ресей) арасында қол қойылды.

ТМК саласында "Canarax Trading LLC" компаниясы (БАӘ) мен Павлодар облысының әкімдігі арасында жобалық қуаттың жылына 165 мың тоннаға дейін өсу перспективасымен техникалық кремний өндіру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Бірінші кезеңде 30 мың тонна өнім шығару жоспарлануда. Зауыт өнімдері металл қорытпаларын, органикалық қосылыстарды, электроника мен күн энергетикасын өндіру үшін пайдаланылатын болады.

Денсаулық сақтау саласында "Shanghai Construction Group" (ҚХР)-мен Шымкент қаласында сыйымдылығы 1000 төсек-орын көп бейінді клиника құрылысы бойынша келісімге қол қойылды. Жаңа технологиялар мен жабдықтармен жабдықталған клиника медициналық қызметтердің толық спектрін көрсетеді және Орталық Азияда жалғыз протондық терапия орталығы болады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, білім беру саласында үш өңірде: Нұр – Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында сингапурлық Kinder World инвесторымен «білім беру метрополитенінің құрылысы-балабақша, мектеп, колледж, университет» жобасын жүзеге асыру бойынша Жол картасына қол қойылды. Таяу жылдары халықаралық деңгейдегі мектептер, сондай-ақ Қазақстан астанасындағы колледж және білім беру кампусының желісі салынатын болады.

Сонымен қатар, ақпарат орталықтары құрылысы және Қазақстан аумағында 5G жобаларын енгізу сияқты жобалар бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссиясы (ЕЭК) мен БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АТМЭӘК) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа ЕЭК алқасының мүшесі Тимур Жақсылықов пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ АТМЭӘК атқарушы хатшысы Армида Алишахбана қол қойды.

Форумның нәтижелілігі мен беделділігін әлемдік БАҚ да атап өтті. Euronews телеарнасы АЭФ әлемдік экономика мен қаржы жүйесін қалпына келтіру және дамыту мәселелерін талқылау үшін ең ықпалды халықаралық алаңдардың бірі деп атады. Bloomberg халықаралық агенттігі сондай-ақ АЭФ Орталық Азиядағы басты пікірталас алаңы деп санайды: «11 жыл ішінде Астана экономикалық форумы (АЭФ) әлемдік экономика мен қаржы жүйесін жетілдіру және дамыту мәселелерін талқылауға арналған ең беделді халықаралық платформалардың бірі ретінде мәртебеге ие болды.».

Форумның шетелдік қонақтары АЭФ ұйымының жоғары деңгейін атап өтті. Оларға ыңғайлы навигация, дамыған инфрақұрылым, пікірталастардың қызықты форматтары, пленарлық сессияның ашық ашылуы және залдың ерекше безендірілуі ерекше ұнады. Көптеген қатысушылар «АЭФ-та ресмилік емес, қарым-қатынас бағаланды» деген пікірімен бөлісті. Бұл конференция қызықты монологтарды нәтижелі, жанды диалогтарға ауыстырған іс-шара болды, бұл Астана экономикалық форумының тұжырымдамасына толық жауап береді.

Биыл «Астана EXPO-2017» АҚ Ұлттық компаниясымен ұйымдастырылған АЭФ-2019 осындай нәтижелермен аяқталды. Келесі форум 2020 жылы жарқын болуы күтілуде.

Рекомендовать
Последние новости