Хасан Қасымбаев ісі: сотта не болып жатыр?

Сағыныш Сардарова 25 авг. 2025 11:50

Талғарда Хасан Қасымбаевқа қатысты сот өтіп жатыр,деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот отырысында судья Айнагүл Түкібаева жәбірленуші мен өзге де қатысушылардың берген айғақтарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға тыйым салды.

"Алдыңғы сот отырысынан кейін әлеуметтік желілерде жәбірленушінің сөзі мен сот залынан бейнежазбалар жарияланды. Сол себепті жәбірленуші мен басқа қатысушылардың соттағы айтқандары БАҚ-та жарияланбайды", – деді ол.

Осы шешімнен соң журналистер сот залынан шығарылып, процеске онлайн қосылу мүмкіндігі жасалған баспасөз орталығына жіберілді.

Алайда медиа өкілдері бұған қарсылық танытты. Олардың айтуынша, сотқа қатысып отырған адамдардың тізімі ұсынылмағандықтан, кімнің сөйлеп жатқанын анықтау қиынға соққан. Кейін соттың баспасөз қызметі толық тізімді ұсынды.

Еске салайық, Хасан Қасымбаев былтыр қамауға алынған болатын. Кейін полиция мәлімдеме жасап, Хасан Қасымбаевтың ұсталуы Шерзаттың өліміне байланысты емес екенін хабарлады.

ПД мәліметінше, Қасымбаев 2 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол Арман Әлімовті ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген.

Оқиға 2021 жылы маусымда болған. 

"Қазір қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу жүргізіліп жатыр", - деді бұған дейін Алматы облыстық ПД өкілдері. 


Рекомендовать
Последние новости