Халқына нан тауып бергісі келген басшылары Қазақстанға қарай бастайды

Dalanews 18 июл. 2023 04:31 843

Ресей Украинамен арадағы "астық келіссөзін" ұзартпайтынын анық белгілі болғаннан кейін, "үшінші әлем" елдеріндегі азық-түлік уайымы күшейе бастады. Жұртыма қалай нан тауып берем деген ел басшылары Қазақстан жаққа әлсін-әлсін қарағыштап қояды.

Қазақстан биыл бункерлік салмақпен кемінде 18 миллион тонна астық оруды жоспарлап отыр. Оның 9 миллионын елде қалдырса, қалған тең жартысын экспортқа жібермек.

2022 жылы астық бітік өнгенде, еліміз оны сақтайтын қоймаларды көбейтіп, астық сақтау инфрақұрымын біршама жақсартып алған еді.

Қазақ астығын кім алады, бізге де бірдеңе тисе ғой деген сырттан сұраныс күшейе бастады.

Кедей елдер Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қиын жағдайда құтқарушы деп сеніп отыр, бірақ бізге де "мығым валюта" астықты арзан бағамен беру оңай емес.


Осы уақытта қазақтың маңдайына біткен үздік ұшағы Airbus 330-233 Сауд Аравиясының бас қаласы Эр-Риядқа тартып кетуге дайындала бастады. Ертең Мемлекет басшысы «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» саммитіне ұшып барады.

Эр-Риадта ертеңгі күн температурасы 46 градусқа жетеді дегенмен, өзара екіжақты келіссөздер градусы одан да жоғары болатыны сөзсіз.

Бір жыл бұрын жазылған "Қазақтың үмітін арқалаған 7 күн" бестселлерінде мұндай кездесулер не үшін керек екенін сараптап түсіндірген болатынмын.

Еліміз ішкі кризистік фазадан шықса да, сыртқы толқындардың соққылары ауырлап барады. Дәл осындай кездерде Airbas 330 да жан-жаққа ұшуын жиілетеді.

Айбар ОЛЖАЙ, қаржы сарапшысы.

Рекомендовать
Последние новости