Назарбаева КТК-дан құтылудың жолын қарастыруда

Dalanews 18 июл. 2023 04:50 1228

КТК телеарнасының қожайыны – "Тұңғыш Президент қоры" және оның артында тұрған Дариға Назарбаева үшін телевизиялық активті ұстап отырудың саяси және қаржылық тәуекелдері күннен-күнге артып барады. Сондықтан, жабық есік жағдайында, телеарнаны нарыққа шығарып, әділ бағаға сату бойынша ұсыныстар да айтыла бастады, – деп хабарлайды Dala Inside арнасы.

"Жаңа Қазақстан" КТК арнасына енді мемлекеттік тапсырыс бермейтіні түсінікті. Бірақ, басты қауіп онда емес – КТК-ның негізгі жарнама берушілері болып табылатын ірі тұтынушылық брендтер (Colgate, Ariel, автосалондар, тампондар) тележарнамаға деген бюджеттерін қысқартып, интернетке ауыса бастаған.

2023 жылдың I тоқсанынан бастап, Қазақстанда жарнама ауқымы бойынша интернет телевизияны басып озды.

КТК телеарнасы 2020 жылғы пандемияда шығынға батып, сол минусты 2021 жылғы табыстан да жаба алмады. 2022 жылғы таза пайда 160 миллион теңге болды. Оны биыл Дариға Назарбаева кем-кетікті жабу үшін телеарнаның өзінде қалдырған.

2023 жылдың есебін тек келесі жылы көре аламыз. Қымбат телевизиялық құрылғылардың амортизациясын және жарнаманың қысқаруын ескере отырып, КТК телеарнасының биыл қаржылық жағынан табысты болатыны біршама күмән туғызады.

"Қаңтар оқиғасынан" 3 ай өткеннен кейін, "Коммерциялық телевизиялық арна" акционерлік қоғамы жарияланған жай акциялардың санын тағы 2 622 850 акция шығару арқылы көбейту туралы шешім қабылдаған еді.

Сонда жалпы саны 8 152 925 дана акция сатылымға шығарылып, оны 1,2 миллиард теңеге бағаланған телеқұрылғыны компания капиталына енгізу арқылы "Тұңғыш президент қоры" сатып алған-ды.


Дариға Назарбаев арнаны бұрын түрлі сенімді өкілдер арқылы басқарып келсе, сол 2022 жылы өзінің қожайындық құқығын ресми рәсімдеп тастады.

Басты сұрақ – КТК-ны кім сатып ала алады? Ол арзан актив емес. Бірақ ең бастысы, оны сатып алатын қаржылық топтарда "Жаңа Қазақстан" тарапынан бейресми рұқсат болу керек.

Қазіргі уақытта ірі БАҚ-ты сатып алу – өзіңе сот үкімін жазуға парапар тірлік. Осы ретте, кейбір инфомейкерлер Тимур Турловтың есімін атап қалды. Бірақ оның жақында ғана жаңа медиахолдингке (Курсив, Жетінші арна) ие болғанын назарда ұстасақ, оған КТК-ға шығындалу артық болатын сияқты.

Рекомендовать
Последние новости