Халықтың ұстанымы айқын: жерімізді не сатуға, не жалға беруге болмайды

Dalanews 13 мая 2016 01:11 873

Жер мәселесі бойынша 75 адамнан тұратын комиссияның құрамына енген белгілі саясаткер, экономист Мұхтар Тайжан аталған мәселеге орай мынадай пікір білдіріпті.

Достар, неге уайымдайсыздар? Комиссияда олар көп, біздікілер аз деудің жөні бар ма? Комиссияның құрамы 75, әлде 175 болса да айырмашылығы шамалы! Себебі көпшілік – ол халықтың өзі! Ал халықтың ұстанымы айқын: шетелдіктерге жерімізді не сатуға, не жалға беруге болмайды, болды. Біз соны қағазға шығарып, заң қылып, бекітіп алуымыз керек. Біздің миссиямыз сол ғана.
Мен мысалға мүлдем уайымсыз, сабырлы боп отырмын. Бұл комиссияда жалғыз өзім (ал, жалғыз емесім белгілі, жанымда халықтың сөзін сөйлейтін жігіттер бар) болсам да, көпшілік біз жақта екенін жақсы білемін. Олар да мұны жақсы біледі.
Біз халықтың өте қарапайым ұстанымын ұстаймыз. Себебі біздің артымызда Сіздер тұрсыздар – халық, жер, әруақтар, бала-шағамыз.
Астанада болсам да осында байланыста боламыз ғой. Сондықтан тым ерте уайымдамаңыздар. Бәрі де жақсы, ойдағыдай болады!

Рекомендовать
Последние новости