Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде шетелдік ғалымдар бас қосты

Dalanews 04 окт. 2023 10:17 1193

4 қазан күні Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Түркия, Ресей, Қырғызстан және Қазақстан жетекші ғалымдарының қатысуымен «Ғылым мен білімнің интеграциясы, технологиялар трансферті – мамандар дайындау сапасын қамтамасыз етудің негізгі факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры, қауымдастырылған профессор Г.Ә. Сәрсенбекова ғылым мен білім интеграциясының, технологиялар трансфертінің маңыздылығына тоқталды. Осы орайда бүгінде елімізде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің тікелей бастамасымен «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы дайындалып жатқанын атап, бұл жобаның білім, ғылым, инновация бірлескен үштігінің алға дамуына үлкен серпін беретінін, соның ішінде университеттік ғылымның дамуына даңғыл жол ашатындығына еркеше тоқталып өтті. Сонымен қатар ХИТУ ректоры Гүлнәр Сәрсенбекова осы аталған жобаның жүзеге асуына университет ғалымдары атсалысып жатқанын жеткізді.

Университет басшысы өз сөзінде бүгінгі дөңгелек үстел инновациялық бірлескен әзірлемелердің үдеткішіне айналатынын, жаңа технологияларды енгізуді кеңейтуде шешімдерді табуға, ғылым, білім және өндіріс секторын біріктіру арқылы инновациялық белсенділікті ынталандыру жолымен ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруға көмектесетінін жеткізді.




Дөңгелек үстел жұмысы аясында Қазақстан Республикасының жетекші ғалымдары, бизнес-құрылым өкілдері – «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Бас директоры, б.ғ.д., профессор А.Қ. Саданов, «Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма Төрағасы Б.Ә. Дүйсембеков, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қаласы филиалының директоры З.О. Орынбекова, «Global System Products» ЖШС, «JOLTAB» компанияларының директоры С.Аман және т.б. баяндамалар жасады. «Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасы Б.Ә. Дүйсембеков өз баяндамасында институт ғалымдары ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыстарды бастап кеткенін атады.

М.М. Адышев атындағы Ош технологиялық университетінің ғылым және инновация бойынша проректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Н.Т. Танаков, Федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі «Ресей биотехнологиялық университеті» (РесБиоТех) Ресей Ғылым Академиясының академигі И.А. Рогов атындағы Қолданбалы биотехнология институтының директоры Т.Н. Данильчук, Ыстамбұл техникалық университеті Ақпараттық технологиялар институтының директоры Х. Мұстафа студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын насихаттау, қолданбалы биотехнология саласында білім беру үдерісін және студенттердің ғылыми жұмыстарын дамыту сонымен бірге, Multicopter Platforms мониторинг жүйесін Қазақстан нарығында іске қосу бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.

Қазақстанның тұрақты дамуын ынталандыратын жоғары технологиялық технологиялардың қарқынды өсуін қамтамасыз ету мақсатында Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті мен ғылыми-зерттеу институттарын шоғырландыру мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар венчурлық қаржыландыру секторын дамытудың, зияткерлік меншікті қорғаудың, ғылыми зерттеулер мен инновацияларды қолдаудың маңыздылғына, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың қазақстандық үлгісіндегі бизнестің рөліне тоқталды.

Рекомендовать
Последние новости