Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыптылар Қазақстанның оңтүстігінде ұсталды

Көркем Алдабергенова 30 мар. 2026 10:37

Жамбыл облысында халықаралық іздеуде болған ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайы алдау және сенімге кіру арқылы түрлі сылтаумен Астана мен Семей қалалары тұрғындарының шамамен 200 миллион теңгесін иемденген.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында іздеуде жүргендердің ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынып жүргені анықталды. Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады ІІМ.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove