Халықаралық дзюдо федерациясы Путинді қатарынан қуып шықты

Dalanews 27 февр. 2022 09:56 843

Халықаралық Дзюдо федерациясы осы ұйымның құрметті президенті Ресей диктаторы Владимир Путиннің өкілетін тоқтатты деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Украинадағы күн өткен сайын үдеп бара жатқан қақтығысты ескере отырып, Халықаралық дзюдо федерациясы Владимир Путинді құрметті президент статусынан айыру туралы шешім қабылдады", – делінген ұйым мәлімдемесінде.

Айта кетелік, әзір Украинаға басып кіріп, Киевті бомбылап жатқан Путин бала кезінен дзюдоға қызыққан. Бірнеше кішігірім байқауларда топ жарғаны бар. Осы күнге дейін Халықаралық дзюдо федерациясының құрметті президентті деген атақтан бөлек, осы ұйымның насихатын жүргізген белсенді өкілі болды.

Рекомендовать
Последние новости