Халық қалаулысы: «Алатауға ерекше мәртебе беру – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңі»

Ақтоты Жапатова 08 сент. 2025 15:35

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Ербол Ералиев Алатауға ерекше мәртебе беру бастамасына қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Оның айтуынша, Алатау қаласына ерекше мәртебе беру – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңі болмақ.

— Алатау қаласына ерекше мәртебе беру – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңі болмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтқан бұл бастама инвестиция, жаңа технологиялар мен инновацияларды тартуға үлкен мүмкіндік ашады. Алатау – іскерлік белсенділік пен инновация орталығы ретінде жоспарланып отыр. Мұнда озық жобалар, заманауи өндірістер және жоғары технологиялық компаниялар шоғырланатын болады, - деді Ербол Ералиев.

Айта кету керек, Қазақстанда ерекше мәртебеге ие қала ретінде табысты мысал бар – ол Түркістан.

"Бұл шешім қаланың рухани, мәдени және туристік орталыққа айналуына қуатты серпін берді. Түркістанда ірі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, бизнес дамып, халықтың өмір сүру сапасы артуда. Түркістан ерекше мәртебенің аймақты жаңғыртуға және жаңа мән-мағына беруге қалай ықпал ете алатынын дәлелдеді.

Енді осындай мәртебеге ие қалалардың қатарына Алатау да қосылады. Ол инвестициялық және технологиялық хаб ретінде Қазақстанды Қытай, ЕАЭО және Еуропа сынды негізгі халықаралық нарықтармен байланыстырушы рөл атқарады. Ерекше мәртебе беру жедел дамуға, ірі инвесторларды тартуға және ел картасында жаңа өсім нүктесін қалыптастыруға серпін береді.

Алатау мен Түркістан – екі түрлі миссиясы бар қала. Бірі – рухани және мәдени орталық болса, екіншісі – инновациялық әрі инвестициялық полюс. Екеуі бірге Қазақстанның болашағы үшін жаңа бағыт-бағдар қалыптастырады", - деді маман.


Рекомендовать
Последние новости