Халық банктың даму қарқыны көңіл қуантады

Dalanews 23 авг. 2017 10:42 1785

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның таза табысы 2016 жылдың 6 айымен салыстырғанда 38.1%-ға, яғни, 78.9 млрд теңгеге дейін өсті.  Көрсетілетін қызметтер бойынша табыстармен комиссиялар 2016 жылдың 6 айымен салыстырғанда 2017 жылдың 6 айы ішінде, Банктің транзакциялық бизнесінің көлемі өсу нәтижесінде 8.6%-ға өсіп, 30.8 млрд теңгені құрады. Бұл өсім көбінесе, атап айтқандапластик карталарға қызмет көрсету, банктік аударымдар мен клиенттерге зейнетақыны өтеу операциялар бойынша орын алған.

–  «Халық тобы үшін 2017 жылдың бірінші жартысындағы басты оқиға Қазкоммерцбанкті иелену бойынша мәміленің аяқталуы болып табылады. Менің ойымша, Қазақстан үшін бұл тарихи оқиға, еліміздегі қаржы секторында орын алған мықты позитивті тарих, сауықтыру, тазарту үдерісі жүріп жатқандығы жайындағы маңызды белгі және әлдеқашан тиісті салада жинақталып ұмытылып кеткен мәселенің шешімі. Келешекте Қазақстан 2020 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргенше біз сауықтырылған банктік жүйені қалыптастырып үлгеруіміз қажет. Халық тобының алға қойған жоспарлары өте көп. Басты қаралатын мәселе – бір топта шоғырланған қос банктің стратегиясын құру, даму қарқынын бәсеңдетпеу, жылдам әрі тиімді түрде нарықтың және клиенттердің сұранысына назар аудару. Топ-менеджмент өздеріне жүктелген қос банк клиенттерінің, мемлекеттің, акционерлердің алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезеді, өйткені мәміле аяқталғаннан кейін Халық тобы ТМД-дағы коммерциялық қаржы топ ретінде активтер мөлшері бойынша үштіктің қатарында кірді. Бөлшек сауда клиенттеріміз бір топта шоғырларған екі банктің артықшылықтарынкөре бастады. Біз қос банктің өнімдері және сервистерін біріктіру бойынша жұмыстарды бастап кеттік, – деді Қазақстан Халық банкі басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова атап өтті.

Құнсыздану резервтеріне аударуға дейінгі таза пайыздық табыс 2016жылдың бірінші жарты жылдығымен  салыстырғанда 25.6%-ға 105.3 млрд теңгеге дейін өсті.

Таза пайыздық маржа 2016 жылдың бірінші жарты жылдығындағы 5.6% салыстырғанда 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында жылдығы 5.5%-ға дейін төмендеді. Көбіне таза табыспен салыстырғанда пайыздық активтердің төмен кірістілігінің жоғарылауы есебінен. 2017 жылдың 2-ші тоқсанында таза пайыздық маржа 2017 жылдың 1-ші тоқсанындағы 5.2%-бен салыстырғанда 2017 жылғы 3 мамырында купон мөлшерлемесі 7.25%-бен 638 млн АҚШ долларын құрайтын еврооблигацияларды өтеу есебінен 5.7%-ға өсті.

Орташа меншікті капиталға қайтарым (RоAE) 2016 жылдың 6 айы бойынша жылдығы 20.8%-дан жылдығы 22.2%-ға дейін өсті, орташа активтерге қайтарым (RоAA) 2016 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша жылдығы 2.6%-дан 2017 жылдың бірінші жарты жылдығына дейін 3.0%-ға дейін өсті.

Операциялық шығындар 2016 жылдың 6 айымен салыстырғанда қызметкерлердің жалақысынөсірумен және кәсіби қызметтерге жұмсалған шығындардың ұлғаюы есебінен 41.3 млрд. теңгеге,20.8%-ға өсті.

Операциялық шығындардың операциялық кіріске ара салмағы 2017ж. 6 айы ішінде пайыздық табыстың жоғары болуы есебінен және қызметтер мен комиссиялар бойынша тапқан табыстың есебінен 24.7%-ға өскен операциялық кірістің өсуі нәтижесінде 29.2%-бен салыстырғанда 28.3%-ға дейін төмендеді.

2017 жылғы 1-ші тоқсанындаактивтертеңге бағамының АҚШ долларына қатысты валюта теңгерім баптарын нығайтуға байланысты 2016 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 1.4%-ға төмендеді және 5 276 млрд теңгені құрады.

Клиенттерге берілетін заемдар 2016 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда брутто негізде 1.1%-ға және нетто негізде 1.2%-ға төмендеді. Несиелік портфельдің төмендеуі 2017 жылғы 1-ші тоқсанындағы асыра өтелген қарыздардың үстінен жаңадан берілген қарыздарға негізделген, сондай-ақ шетел валютасында деноминацияланған заемның теңгерім құнының төмендеуі, теңге бағамын АҚШ долларына қатысты нығайтуына байланысты. 2017 жылғы 2-ші тоқсанында клиенттерге берілген заемдардың брутто өсімі 3.1% және нетто негізде 3.3%-ға өсті. 2017 жылғы 2-ші тоқсанында несиелік портфель барлық бизнес-сегменттерде: корпоративтік несиелік портфель - 1.4%-ға, ШОБ несиелік портфелі - 10.8%-ға, тұтынушылық заемдар портфелі - 3.3%-ға өсті.

NPL 90+ үлесі,ҚРҰБесептеген әдістеме шеңберінде, 2017 жылдың сәуіріндегі 9.4%-бен салыстырғанда 2017 жылдағы шілдедегі жағдайы 8.6% болып құрылды.

Кредиттік мекемелердің қаражаты 2016 жылғы 31 желтоқсанға қарағанда 2017 жылғы 30 маусымда 13.7%-ға төмендеді, көбінесе бұл корреспондентттік шоттағы қалдық соманың азаюы есебінен. 2017 жылғы 30 маусымында көбінесе Банктің кредиттік мекемелер алдындағы міндеттемелерінің жартысынан көбі көбінесе 2014 және 2015 жылдары «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-нан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан және «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-нан экономиканың бөлек секторларын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алынған қарыздардан құралды.

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар 2016 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 34.4% төмендеді, көбінесе 2017 жылғы 3 мамырында айналым мерзімі 10 жыл және купон мөлшерлемесі 7.25%-бен 638 млн АҚШ долларын құрайтын еврооблигацияларды өтеу есебінен болды. Өтелу реті Банктің меншікті қаражатынан оның өтімділігінің берік ұстанымы арқасында жүргізілді (2017 жылғы 31 наурызында жалпы активтер сомасының өтімді активтері 47.5% және 2017 жылғы 30 маусымында 46.5%).

Заңды және жеке тұлғалардың қаражаты 2016 ж. 31 желтоқсанымен салыстырғанда, сәйкесінше 1.8% және 1.3%-ға өсті, көбінесе 2017 жылғы бірінші жартыжылдығындағы жаңа депозиттер ағынының нәтижесінде 3,881млрд теңгені құрады.

2016 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда меншікті капитал 13.4%-ға өсіп, таза табыстың бірінші жартыжылдықтағы кірістіліктің есебінен 754.8 млрд. теңгені құрады.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ қазақстандық коммерциялық банктердің арасында ең жоғарғы рейтингтік көрсеткіштерге халықаралық рейтингтік агенттіктердің тарапынание: Fitch Ratings-ден BB, Standard&Poor`s-тан BB және Moody's Investors Service - Ва1. Айта кетейік, рейтингтік агенттік Қазкоммерцбанкті иеленуге қатысты мәміленің аяқталуына оң жауап қатты: Moody's Халық банкінің рейтингін «Ba1»  дейін көтерді және «жағымсыз» болжамнан «тұрақтыға» өзгертті, Standard&Poor’s Банктің кредиттік рейтингі «BB» деңгейінде екендігін растады.

2017 жылғы 7 маусымынан «Қазақстан Халық банкі» АҚ China CITIC Bank Corporation Limited және ChinaShuangweiInvestmentCo., Ltd. Алтын Банктің 60% акциясын сату туралы мәмілеге қол қойды. 5 Халықаралық Қаржы Есептер Стандартына сәйкес Алтын банктіңинвестициясы 2017 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша сатуға арналған активтерге қайта жіктелді.

ШОБ-ты қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысу

2017 жылғы жағдайға сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдаудың және бизнесті дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында Қазақстан Халық Банкі несиелік портфельдің көлемінің және бағдарлама аясында қатысуға мақұлдау алған жобалар санының көрсеткіштері бойынша көшбасшылар қатарында тұр. Банк жобалар саны бойынша бірінші орынға ие - 228.8 млрд. теңге пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша портфельдің көлемімен 1 684 жоба.Субсидияланатын портфельдің көлемі бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ барлық банктер арасында екінші орында тұр.  Тағы бірі ШОБ-ке беретін кредиттеріне кепілдік беру - «Даму» қорымен белсенді ынтымақтасудың келесі бағыты болып табылады.«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да қол қойылған кепілдік шарттарының саны жалпы қор қол қойған шарттың 691 (22.28%) құрайды.“Даму” қорының Қазақстан Халық банкіне арнаған кепілдік сомасы 9.355 млрд. теңге немесе 25.64%. Аталған көрсеткіштердің әрбіреуі бойынша, кепілдік беру бағдарламасына қатысу аясында Қазақстан Халық банкі барлық коммерциялық банктердің арасында 2-ші орынға ие болды.Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамытудан бөлек, Банк өзге көптеген бірлескен «Даму» кәсіпкерлерге қолдау көрсету бағдарламасына қатысады.

Қазақстан Халық банкі өнеркісіп өндіру саласында мемлекеттік қолдау Бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікке бөлінген қаражатты уақытылы және толық көлемдеигерді. Халық банкі 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қайталама игеруді ескере отырып 1-ші транш шеңберінде – жалпы сомасы 31.52 млрд. теңгеге 159 жоба қаржыландырылды. 2-ші транш шеңберінде – жалпы сомасы 15.78 млрд. теңгеге 51 жоба, 3-ші траншта 78 жоба 19.65 млрд. теңгеге қаржыландырылды. Банк облыстарда өңірлік ШОБ субъектілерін қаржыландыруды Бағдарлама бойынша "Даму" қорын және жергілікті атқарушы органдар қаражаты есебінен іске асыруда. 2017 жылғы1 шілдедегі жағдай бойынша, Банк Алматы және 10 облыс бойынша 22 келісімді  6.8 млрд. теңгеге жасасты бұл ретте пайыздық мөлшерлемесі соңғы қарыз алушы үшін саласына байланысты 7% -дан 8.5% -ға дейін түрленеді.

Банктің бөлшек бизнесі

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Халық банкі бөлшек сауда депозиті нарығында 20,79% үлесімен көшбасшылық позицияны сақтап қалды, соның өзінде жеке тұлғалар депозиті 2017 жылдың бірінші жартысында теріс динамиканы көрсетіп (-0,3%) 1 407 млрд. теңгені құрады.

Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығындағы Қазақстан Халық банкінің үлесі несие портфелі көлемі7,4 млрд. теңгеөсіміне қарамастан (580,2 млрд. тг-ден  587,6 млрд. тг дейін) 0,47%-ға төмендеді және 16,03% құрады (01.01.2017 жылға 16,50%).

Халық банк төлем карталар нарығында банктік қызмет көрсету бойынша 44,3% үлесімен көшбастап келеді. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында «SMS-банкинг» қызметін белсенді пайдаланушылар саны 2016 жылмен салыстырғанда 9% өсіп 1,9 млн клиентті құрады. Төлем терминал желісінде жүргізілген жалпы операциялар саны 5,8 млн. операциядан астам болды. Бұл көрсеткіштер 2016 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда 30%-дан астам.

 

2017 жылдың 1 шілдесінде жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг қолданушалар жалпы саны 1 млн асты, клиенттер онлайн түрде 3.3 млн. төлемдер мен аударымдарды жүргізді.  Бұл көрсеткіштер 2016 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда 64%-ға асты. Жеткізушілер тізімі 206 бірлікке кеңейді. Бүгінгі таңда Халық банк Интернет-банкингі арқылы 1800 жеткізушінің қызметтеріне төлем аударуға болады. 2017 жылдың бірінші жартысында Халық банк Интернет-банкингінде келесі функциялар жүзеге асырылды:

- Ағымдағы шот бойынша қаражаттардың қозғалысы жайлы СМС-хабарландыру қызметі

- Дебеттік карточкалардың шығарылуына өтінім қалдыру

- Ағымдағы шотты ашу

- «Автооплата» қызметін қосу

Google Play және App Store дүкендерінде «myHalyk» мобильдік қосымшасын жүктеудің жалпы саны 733 мыңнан асты, бұл қосымша «Қаржы» санатындағы тегін қосымша арасында танымалдылығы бойынша топ-бестіктің ішінде.

2017 жылдың бірінші жартысында іске асырылған жаңа мүмкіндіктер:

- Touch ID саусақ іздерімен кіру

- Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша бағамының валютасын көрсету

- Операциялар тарихында сараптама

- Халық бонус көрсетуі және сараптама

- myHalyk қолдау қызметіне сұраным жолдау мүмкіндігі

- Жаңалықтар тізбегі

Қазкоммерцбанкті иелену мәмілесі аяқталғаннан кейін, бөлшек сауда және IT-бөлімі қос банктің өнімдері мен жүйелерін біріктіру үдерісін тұтынушы клиенттерге максималды түрде ыңғайлы болу мақсатында бастады:

- 2017 жылғы 10 шілдеден бастап Halyk және Qazkom банкоматтар желісінде қос банктің карта ұстаушылары баннкоматта қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру барысында қосымша комиссиялардың алынуы тоқтатылды.

- 2017 жылғы 1 тамыздан бастап Halyk Bank және Altyn Bank клиенттеріне жаңа қызметтің түрі қолжетімді болды. Енді Qazkom-ның cash-in функциясы бар банкоматтарында төлем карталарды теңге және АҚШ долларын толықтыру кезінде комиссиясыз жүргізу мүмкіндігі пайда болды.

- 2017 жылғы 18 тамыздан бастап дәл осы қызметтің түрі Qazkom картасын ұстаушылар үшін де Halyk Bank-інің cash-in функциясы бар банкоматтарда теңге және АҚШ долларын толықтыру мүмкіндігі қолжетімді болды.

2017 жылдың 1 шілдесіне Halyk Bank 559 cash-in функциясы бар банкоматтарды, Qazkom – 465 қолма-қол ақша алу мүмкіндігі бар құрылғыны орнатты. Qazkom+Halyk бірыңғай банкоматтар желісінде бүкіл Қазақстан бойынша  4659 құрылғыны қамтиды. Еліміздегі әрбір екінші банкомат - Halyk+Qazkom желісі болып табылады.

Халыққа арналған тазартылған өлшеулі алтын құймалары

2017 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бірлесе отырып халыққа арналған тазартылған алтын құймаларды сату іске қосылды. 2017 жылғы 21 тамызға дейін жалпы саны512 құйма20 030 граммды құрайтын алтын сатылды. Клиенттердің арасында көбінесе қолданысқа түсіп жатқан алтынның түрі 10 граммдық салмақтағы алтындар. Атаулы алтынның 210 данасы көрсетілген уақыт аралығында сатылып үлгерді.

Әлеуметтік желілерде

Кері байланыс алу және сервисті жақсарту мақсатында  Halyk Bank әлеуметтік желілерде клиенттермен қарқынды жұмыс жасауда. Facebook, Vkontakte, Instagram желілерінде ресми түрде ашылған Банк аккаунты жазылушалар саны – 105 000 жазылушы. Facebook парақшасы бойынша ЕДБ арасында тарту бойынша ең жоғары көрсеткіш – 15%-ға ие. Өтінішке жауап берудің орташа жылдамдығы 5-7 минут, үн қатудың пайызы – 100%, яғни, клиенттердің  өтініштеріне банк жауапты 5-7 минут ішінде қайтарады.

2017 жылдың шілде айында Halyk Bank «Euromoney» халықаралық баспа тарапынан Қазақстандағы 2016 жылғы ең үздік қаржы институты деген атаққа ие болды.

Онымен қоса, PwC Қазақстан "Әлемнің ірі компаниялар басшыларынан Қазақстандық жыл сайынғы 20-шы сауалнама шығарылымында Қазақстан Халық банкі және банк басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова «2016 жылдың үздіктері»қатарына кірді. Атаулы зерттеуге 80 елдің 1400 бизнес саласының қаймақтары, оның ішінде Қазақстанда қызмет атқаратын 56 басшы қатысты.

 

«Қазақстан Халық банкі» АҚ PR-қызметі

Рекомендовать
Последние новости