Веьтнамда ғылыми-техникалық ақпарат мүмкіндіктері талқыланды

Dalanews 06 окт. 2015 22:44 986

Таяуда Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы ұйымына мүше елдердің өкілетті комитетінің 66 басқосуы Веьтнам астанасы Ханойда болып өтті. Аталмыш ұйымға Қазақстан тарапынан «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы белсенді қатысушы болып саналады. Бүгінде ТМД, Шығыс Еуропа және Азия елдері ұйымға мүшелікке өтіп, ғылыми-техникалық ақпаратты жүйелеп, тиімді бағытта пайдалануды көптеген жұмыстар атқарып келеді. Ханойда өткен басқосуға қазақстандық делегацияны «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы президенті Әділ Ыбыраев бастап барды.

Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы бас кеңсесі Мәскеуде орналасқаны белгілі. Сонау кеңес заманында құрылып, содан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан орталық ғылыми-техникалық зерттеулерді жүйелеп, ақпарат алмасуда қазір халықаралық мәні зор ұйымға айналған. Ұйымға ұзақ жылдардан бері жетекшілік жасап келе жатқан В.Е. Кодола мырза Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының өкілетті комитетінің өкілдері алдында бір жыл бойына атқарған жұмыстары жайында есеп берді.

– Орталық өткен жылы ақпараттық-сараптамылық, инновациялық технология, жоғары оқу орындар мен зияткерлік меншікті қорғау және инновациялық бағыттағы шағын және орта бизнесті дамыту бағыттары бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Қазіргі таңда ғылыми-техникалық салы жыл өткен сайын қарқынды түрде даму үстінде. Сондықтан біздер ұйымның ынтымақтастық аясын барынша кеңейтуге күш салдық. Бұл бағыттағы жұмыстарымызға ұйымға мүше мемлекеттер барынша қолдау көрсетіп отырғанын айтқым келеді. Өткен жылы орталық Ұлыбритания, Германия, Қытай, Франция және Чехиямен ғылыми-техникалық сала бойынша ақпарат алмасу бағытында өнімді жұмыстар жүргізгенін мақтанышпен айта аламын. Соңғы уақыттар бізбен қытайлық әріптестеріміз байланыс орнатуға айрықша қызығушылық таныуда. 2014 жылдың 30 маусым 4 шілде аралығында Харбин ғылыми-техникалық көрмесіне қатысып, іс-тәжірибе алмастық. Алдағы уақытта Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы өзге елдермен ынтымақтастығын кеңейтуге мүдделі, – деп ұйым жетекшісі атқарған жұмыстары жайында есеп берді.

Есепті баяндамадан кейін мінбеге ұйымға мүше елдердің өкілдері көтеріліп, өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Өз кезегінде «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы президенті Ә.Ыбыраев өзі басқарып отырған орталықтың жұмысы жайында жиналған қауымға кеңінен әңгімелеп берді.

02

– Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы өзінің 60 жылдық іс-тәжірибесінің арқасында қазір Қазақстанды ғылыми-техникалық және инновациялық тұрғыдан дамытатын маңызды органға айналып отыр. Осылайша орталық ғылыми-техникалық ақпаратты жүйелеп, Қазақстан ғылымын дамытып, инновациялық экономика құруға барынша үлес қосып келеді. Қазіргі таңда «ҰҒТАО» АҚ-ның қорында жариялауға жатпайтын 31 мың құжат жинақталған. Бұдан басқа 25 мыңнан астам диссертациялық жұмыстар және жүзеге асқан 753 ғылыми-техникалық бағдарламалардың құжаттары сақталуда. Орталық қызметкерлері маңызды құжаттарға тиісті сараптама жүргізіп, еліміздегі мемлекеттік органдар мен ғылыми мекемелерді қажетті ғылыми-техникалық ақпаратпен толықтай қамтамасыз етіп келеді. Соңғы уақыттары «ҰҒТАО» АҚ-ы халықаралық ынтымақтастық саласын кеңейтуге барынша күш жұмсап келе жатқанын айтқым келеді. Бүгінде біздер АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Нидерланд, Қытай, Оңтүстік Корея, БАӘ, Ресей сынды елдермен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнаттық. Сондай-ақ, орталық Қазақстанның халықарылық ғылыми мәліметтер мәліметтер қорларына Ұлттық жазылымын ұйымдастырып, ғылымды дамытуға күш салып отыр. Осылайша Қазақстандағы 300-ден астам ЖОО мен ҒЗИ-дің ғаламдық ғылыми-техникалық мәліметтер қорына қолжетімділігін қалыптастырды. Қазіргі таңда қазақстандық ғалымдар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауының арқасында Thomson Reuters компаниясының Web of Science платформасын, Elsevier компаниясының  Scopus мәліметтер базасын, Springer компаниясының ғылыми мәліметтер қорын пайдалануда. Соңғы уақыттары Wiley-Blackwell компаниясының ғылыми мәліметтер қорына сынақтық қосылуды іске асырдық. Осылайша Қазақстан ғалымдық ғылыми мәліметтер қорындағы ғылыми-техникалық ақпараттар кең көлемде қолданып, ғылымның өрісін кеңейтіп, инновациялық экономика құруға барынша күш салуда, – деп ойын ортаға салды.

05

Өз кезегінде Румниядан келген Т.С.Гроза мырза өз еліндегі жоғарғы оқу орындары шетелдік студенттерді тартуда көптеген жұмыстар атқарып жатқанын алға тартты:

– Соңғы уақыттары Румынияда білім алуға ұмытылған өзге елдің жастарының қатары артып келеді. Бұл жағдайдан Румынияда білім беру саласының оң бағытта дамып жатқанының көрінісі деп есептеймін. Қазіргі таңда еліміздегі жетекші 24 университет шетелдік студенттерді тартуда арнайы бағдарлама қабылдап, бұл бағытта жан-жақты жұмыстар жүргізуде. Алдағы уақытта жыл сайын румын еліне келіп білім алатын жастардың санын 29 мыңға дейін жеткізуде көздеп отырмыз. Сол сияқты елімізде жастарға кемел білім беретін сырт елдердің білікті ұстаздарын тартуға да баса көңіл бөлінуде, – деді. Ал жиын барысында сөз алған молдавандар Молдавия биілігі мемлекеттің ғылымға бөлетін қаржысын ЖІӨ-нің 1 пайызына жеткізуге жоспарлағанымен, бұл көрсеткішке қол жеткізе алмай келе жатқандарын жасырмай айтты. Сондай-ақ, олар ғылымды коммерциялау мәселесінде де шешімін таппаған өзекті мәселелер бар екенін тілге тиек етті. Осылайша жиынға қатысқан делегация өкілдерінің баяндамасын тыңдағанымызда ғылымды коммерциялау, бизнес пен ғылымның арасындағы байланысты жандандыру сынды өзекті мәселелермен көптеген елдердің бетпе-бет келіп отырғанын байқадық.

03

Жиын соңында Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының жаңа директоры сайланды. Ұйымға мүше елдердің өкілдері осыған дейін орталық директорының кеңесшісі қызметін атқарған Е.Угриновичті орталықтың директоры қызметін атқаруға келісімдерін берді. Өз кезегінде жаңа директор алдағы уақытта орталықтың бағытын сақтай отырып, оның жұмысын жандандыруға күш салатынын алға тартты.

Нұрлан Жұмақанов, «ҰҒТАО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.

Алматы – Ханой – Алматы.   

Рекомендовать
Последние новости