Үздік технологиялар көрмесі  

Dalanews 11 апр. 2015 05:28 1182

Күні кеше ғана Астана төрінде «Көрме» орталығында «WORLDDIDAC ASTANA-2015» білім беру және оқыту технологияларының халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оның негізгі мақсаты – Қазақстанның халықаралық рейтингте білім сапасының ақпараттық мазмұнын арттыру және білім технологиясын, Қазақстанның білім беру мекемелерін отандық және халықаралық жетекші өндірушілердің жабдықтарымен жасақтау болып табылады. Шараны ұйымдастыруда «Кәсіпқор» холдингі айрықшы белсенділік танытты.

Салтанатты шараның ашылу рәсімінде ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Т.Доскенов, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы К.Шамшидинова және де «Worlddidac» қауымдастығының бас директоры Beat Jost мырза қатысты. Көрменің ашылу салтанатының рәсімі кезінде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Worlddidac» қауымдастығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум барысында қарастырылған ұзақ мерзімді әріптестік, Қазақстанның білім беру процесінің барлық қатысушыларына үздік білім беру ресурстары мен технологияларын қамтамасыз етуге бағытталып, халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанның білім беруіне инвестициялық қолдау көрсету және де Қазақстанның білім беру жүйесін қазіргі заманғы әлемдік үрдістермен қамтамасыз ету болып келеді. «Елімізде білім беру сапасын арттыру үшін ауқымды мақсаттар қойылуда, білім беру аумағына жаңа инновациялар енгізілуде. Барша қызығушылық танытқандарға халықаралық көрме айтулы оқиға болып, білім берудің барлық деңгейлері үшін оқу жабдықтарын құрудың соңғы жетістіктерімен танысуға мүмкіндік берді. Оны келешекте мектептерде пайдалануға болады», – деді А. Сәрінжіпов.

Елімізде ұйымдастырылған чемпионат Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы қарсаңында өтіп отырғандықтан, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында қойылған міндеттерді айқындауға бағытталды.

Еліміз бойынша World Skills жеңімпаздарынан құралған команда Бразилияға барып, Қазақстанның намысын қорғайды. Чемпионатқа 70-тен астам ел қатысады деп күтілуде.

 

 

 

Рекомендовать
Последние новости