Ұшақта электрон темекі шеккен жолаушы жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Биылғы алты айда Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жолаушылар пойыздары мен әуе кемелерінде түрлі әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін акт бойынша 638 адамды түсірді. Оның 363-і жолаушылар пойыздарынан, 275-і әуе көлігінен түсірілген.
"2 шілдеде Ыстамбұл – Астана бағытындағы әуе рейсі елорда әуежайына қонғаннан кейін әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері шетелдікті ұстады", - деп жазылған хабарламада.
Тексеру барысында көлік полицейлері 40 жастағы шетелдіктің ұшақтың әжетханасында электрон темекі шеккенін анықтаған.