Ұшақ апаты болған жерді суретке түсірген блогер ұсталды

Көркем Алдабергенова 25 дек. 2024 16:53 531

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаевты Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ұстады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Блогер бұл туралы Instagram парақшасында жазды.

"Мені ұстады. Ақтау қалалық полиция басқармасына бара жатырмын. Ұшақ апатқа ұшыраған жерді түсіргенім үшін ұстаған болуы мүмкін", - деді ол.

Маңғыстау облысының ПД мәліметінше, Сәрсенбаев қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталған.

"Ол оқиға орнында дрон ұшырып, құтқару және тергеу жұмыстарына кедергі келтірді және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбады. Қазір құқықбұзушы полиция басқармасына жеткізілді, оған қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - деді полиция.

Айта кетейік, бұған дейін блогер дрон көмегімен Ақтаудағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған жерді суретке түсіріп, жариялаған болатын.


Рекомендовать
Последние новости