Ұрланған активтерді қайтаруда Ақордаға Қажыгелдиннен артық көмектесетін «көмекші» табылды

Dalanews 31 июл. 2023 02:50 1245

Жаңа Қазақстан жасанды интеллектінің (AI) көмегіне жүгінгелі отыр. Жылдар бойы Назарбаев кланы жасырған капиталдың ізін кескен Мағжанұлы Ақордаға керек болмай қалуы мүмкін Dala Inside дейді арнасы.

Қазақы ортада танымал арнаның хабарлауынша шетке кеткен капиталды қайтаруда Тоқаевтың төңірегі Техаста орналасқан технологиялық компанияға көз тігіп отыр.

Қазақ азаматы Елисар Нұрмағамбетов жетекшілік ететін Black Ice AI  компаниясы барымта-сырымтамен келген активтің есеп-қисабын жасап, оның шығу тегі мен ақырғы аялдаған жерін анықтаумен айналысады.

Жасанды интеллект Қажыгелдинге қарағанда қауырт қимылдайды, оның саяси амбициясы жоқ. Тоқаев пен оның төңірегіне ақыл айтпайды. Қателіктерін көзге түртіп көрсетпейді.


Бізге жеткен мәлімет бойынша компания жетекшісі Елисар Нұрмағамбетов Астанаға арнайы келіп, еліміздің барлау қызметіне жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін таныстырған.

Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі, ҰҚК секілді құрылымдар шеттегі активті қайтаруда қосымша көмектің қажет боларын мойындап отыр.

Қаржы саласындағы ұрлық-қарлықты жасанды интеллектінің көмегімен анықтайтын компанияның арғы жағында АҚШ пен Ұлыбританияның барлау қызметі тұр.

Black Ice AI -ға жетекшілік ететін Елисар Нұрмағамбетовке бір кезгі ЦРУ агенті Scott Uehlinger жәрдемдеседі. Компаниядағы 15-ке жуық аналитик әр жылдары АҚШ-тың түрлі мемагенттіктері, соның ішінде НАСА-да жұмыс істеген.

Бұған дейін Forbes журналына сұхбат берген Нұрмағамбетов Жаңа Қазақстанның заказы бойынша шеттегі активін жасырған бірқатар тұлғаның әмиянына үңілгенін мәлімдеген.

– Ақорда тым сылбыр қимылдауда. Ескі Қазақстанның өкілдері активін жасырудың түрлі тәсілдерін біледі. Ширақ қимылдау қажет. Шеттегі капиталды соңғы тиынына дейін елге қайтару құр қиял. Мұның 10 пайызын қайтарсақ та үлкен жетістік, – дейді Нұрмағамбетов.


Айтуынша, Black Ice AI ақшаның тазалығын анықтамайды. Бұл арнайы қызмет өкілдерінің жұмысы. Жасанды интеллект активтің кімге тиесілі екенін тауып береді. Былайша айтқанда, атын атап, түсін түстейді.

Айталық, қияндағы Кайман аралында аты-жөні белгісіз қазақ олигархының «алтын сандығы» жасырулы жатыр дейік. Ол Болат Өтемұратовқа тиесілі болуы мүмкін (шартты түрде). Жаңа Қазақстан әлгі байлыққа Өтемұратов иелік етерін сезсе де, дәлелдей алмай дал болады. Міне, осы кезде жасанды интеллект көмекке келеді.

Black Ice AI-дың АҚШ билігінің алдында да абыройы жоғары.

Кремль? Мемдеп қазақ азаматы жетекшілік ететін компанияға санкциялық барлау жұмысын жүргізуді тапсырғалы отыр. АҚШ санкциясын айналып өтіп жатқан Ресейдің әрекеті алдағы уақытта қазақ азаматы ойлап тапқан софттың назарына ілігеді.

Енді Мағжанұлына альтернатива табылған сынды. Tax justice network-тың мәліметінше Назарбаев кланы өткен 30 жылда 140-160 млрд долларды офшорға шығарған.

Рекомендовать
Последние новости