ҰҚК Шекара қызметінің құрылғанына 32 жыл: ШҚО әкімі жас офицерлермен кездесті

Dalanews 14 авг. 2024 18:57 1650

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің құрылғанына 32 жыл толуы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев пен Қазақстан Республикасының ҰҚК шекара қызметінің Академиясын жас офицерлермен, сондай-ақ Ресей Федерациясының жоғары әскери оқу орындары және запастағы офицерлермен кездесу өтті, деп хабарлайды Dalanews. kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында өңір басшысы ел шекарасында қауіпсіздік сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, жас лейтенанттарға қызметте сәттілік тіледі.

- Сіздер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметі Шекара Академиясын және Ресей Федерациясының жоғары әскери оқу орындарын абыроймен аяқтап, елге қызмет ету үшін Шығыс Қазақстан облысына арнайы келіп отырсыздар. Сіздердің жұмыстарыңыздың мән-маңызы айрықша. Шынайы патриотизм атақ үшін емес, Отан үшін елге адал қызмет етуден көрінеді. Халқымыз өздеріңізге үміт артады. Қауіпсіздігімізді қорғайды деп сенеді. Сол сенімді толығымен ақтау қажет! - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы шекаралық аудандардың халқы да ел шебін қорғау ісіне өлшеусіз үлес қосып жүргендерін айтып, елдің әл-ауқатын арттыру бағытында үлкен жұмыстардың қолға алынып жатқанын атап өтті.

– Әскери қызмет қашанда ерлер кәсібі саналады. Бірақ кез келген кәсіпте ерлермен тең дәрежеде қызметін абыроймен атқаратын қыздар бар. Әскери қызметтің имиджін көтеру бойынша жұмысты белсенді түрде насихаттау қажет», - деді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің офицері Айжан Жағыпарова.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысы – еліміздің шекаралық белдеуі 1,5 мың шақырымнан асатын стратегиялық маңызды өңірлердің бірі. Осылайша, облыс жолаушылар мен тауар алмасуды қарқынды жүргізіп, Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен іскерлік, гуманитарлық және мәдени ынтымақтастықты жүзеге асыруда.


Рекомендовать
Последние новости