ҰҚК арнайы операциясы: әйнек зауыты кімге тиесілі? (видео)

Dalanews 12 июн. 2017 10:37 830

Бұдан бұрын Алматыда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратура қызметкерлері мен жасағы арнайы операция жүргізгенін олардың еліміздегі ең ірі зауытты қоршап, тінтуге алғаны туралы хабарланған болатын. 

Арнайы операцияның анық-қанығы біртіндеп белгілі болуда. 



Тінту "ҚазҚұрылысӘйнек" зауытында жүргізілген. Компанияның бас директоры танымал кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди. Бұған қатысты Азаттыққа пікір білдірген Тоқмәдидің орынбасары Людмила Шепелова басшысының қайда екенін білмейтінін айтқан.

Ал КТК арнасының парақшасында Шепелованың сөзін жоққа шығаратын видео жүр. Мұнда тексерушілер Тоқмәдидің үйінде тінту жүргізіп жатқанға ұқсайды.

https://www.instagram.com/p/BVOmfwoDENx/?taken-by=ktktv

Бұған қатысты 365info.kz сайтына пікір білдірген күштік құрылымдағы дереккөз арнайы операция барысында ұсталған бизнесменнің аты-жөнін айтпаған екен.  
"Ол әйнек зауытының басшысы әрі "Депутатский корпус" деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың серкесі. Ол ұзақ жылдар бойы қылмыстық топқа жетекшілік еткен, әрі бопсалаумен айналысқан"

дейді дереккөз.

"Депутатский корпус" деп аталатын қылмыстық топқа жалғыз адам жетекшілік етпейді. Бұлардың араларында Мурка, Икан және Чемпион деген лақап аттары бар серкелер де бар. Топ мүшелерінің саны 35 адамға дейін жетуі мүмкін. 

Бұлар бокс және күрес залдарына иелік еткен әрі Қытай-Қазақстан шекарасы арқылы өтетін контрабанданы бақылауына алған. 

Ал Тоқмәди деген кім? 

Ол Орта Азиядағы ең ірі "ҚазҚұрылысӘйнек" зауытының иесі. 2008 жылы компания "Алтын сапа" премиясының лауреаты атанған. Ол сонымен қатар "Атамекен" ұлттық экономикалық палатасының президиум мүшесі. 

https://www.instagram.com/p/BVOfyOSjlK2/?taken-by=ktktv

 

Рекомендовать
Последние новости